https://sputnik.kz/20220101/qazaqstan-politseyler-forma-18895160.html
Қазақстандық полицейлер жаңа форма киеді
Қазақстандық полицейлер жаңа форма киеді
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жаңа формаға біртіндеп көшеді 01.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-01T10:51+0500
2022-01-01T10:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
полиция
киім-кешек
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17442362_0:35:2048:1187_1920x0_80_0_0_7c374f633b4ec75ed6297ab0e8d5dd3f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстан полицейлері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қызметтік форма киеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жаңа форманы, ең алдымен, патрульдік полиция жасағы мен инспекторлар алады. Қызметтік киімді "Еңбек" РМК тігіп жатыр.ІІМ екі жыл ішінде бүкіл полицейге жаңа форма кигізуді жоспарлап отыр.Айта кетері, тәртіп сақшылардың жаңа формасына бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жоқ.Полицияның жаңа формасы қандайЖаңа форма барынша ыңғайлы, оны дайындау барысында əртүрлі климаттық жағдай ескерілген.Учаскелік полиция инспекторлары үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. Енді халық оларды бірден тани алады.Жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілерінің бәрінде "POLISIA" жарық шағылыстырғыш жазуы бар.Сондай-ақ полиция қызметкерлері кроссовка киеді. Ал металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды.Полиция басқармалары аппаратында істейтін әйелдерге жазда киетін қосымша көйлек беріледі.Күнделікті және салтанатты фуражкалар көлемі кішірейтілді, филиграндық бау ұлттық ою-өрнекпен тігілген. Шығындарды оңтайландыру мақсатында полиция полковниктері үшін қаракөл алынып тасталды.Жалпы жаңа үлгідегі форма патрульдік полиция, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдары басқару аппараттарына арналып тігілген.Қазақстандық полицияның жаңа формасы жайлы үш-төрт жылдан бері айтылып келеді.Учаскелік полицейлердің жалақысы өседі2022 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ке артады. Ал олардың көмекшілерінің айлығы 7%-ке көтеріледі. 2021 жылы көмекшілердің еңбекақысы 30 процентке ұлғайған болатын.Жалпы ішкі істер министрлігі 2023 жылға дейін полицейлердің жалақысын 90%-ке дейін өсіруді жоспарлап отыр. Өйткені құқық қорғау органдары арасында полицейлердің жалақысы өте төмен. Сондықтан президенттің тапсырмасымен 2019 жылдан бастап жалақы кезең-кезеңме көтерілуде.Оқи отырыңыз: Қазақстандық полицейлердің жалақысы 90%-ке дейін өседі"2023 жылға дейін 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделген. Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант – 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады", - деген болатын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/19/17442362_210:0:1839:1222_1920x0_80_0_0_be7584c551ab40d05e32d1d4d6e94776.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, киім-кешек
Қазақстандық полицейлер жаңа форма киеді
10:51 01.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жаңа формаға біртіндеп көшеді
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстан полицейлері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа қызметтік форма киеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жаңа форманы, ең алдымен, патрульдік полиция жасағы мен инспекторлар алады. Қызметтік киімді "Еңбек" РМК тігіп жатыр.
"Біріншіден, бұл жұмыспен қамту, екіншіден, өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Әрине, олар бәрін бір күнде тігіп бітіре алмайды, сол себепті біз конкурс құжаттамасын, мемлекеттік сатып алуды ескеріп, форма 2022 жылдың 1 қаңтарында дайын болады деп болжап отырмыз", - деп мәлімдеді бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
ІІМ екі жыл ішінде бүкіл полицейге жаңа форма кигізуді жоспарлап отыр.
Айта кетері, тәртіп сақшылардың жаңа формасына бюджеттен қосымша қаржы бөлінген жоқ.
Полицияның жаңа формасы қандай
Жаңа форма барынша ыңғайлы, оны дайындау барысында əртүрлі климаттық жағдай ескерілген.
Учаскелік полиция инспекторлары үшін жаңа киімнің жеке желісі әзірленді. Енді халық оларды бірден тани алады.
Жазғы, маусымдық және қысқы киім үлгілерінің бәрінде "POLISIA" жарық шағылыстырғыш жазуы бар.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері кроссовка киеді. Ал металл бұйымдар – жетондар, эмблемалар, жұлдыздар тоқыма бұйымдарына ауыстырылды.
Полиция басқармалары аппаратында істейтін әйелдерге жазда киетін қосымша көйлек беріледі.
Күнделікті және салтанатты фуражкалар көлемі кішірейтілді, филиграндық бау ұлттық ою-өрнекпен тігілген. Шығындарды оңтайландыру мақсатында полиция полковниктері үшін қаракөл алынып тасталды.
Жалпы жаңа үлгідегі форма патрульдік полиция, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдары басқару аппараттарына арналып тігілген.
Қазақстандық полицияның жаңа формасы жайлы үш-төрт жылдан бері айтылып келеді.
Учаскелік полицейлердің жалақысы өседі
2022 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 30%-ке артады. Ал олардың көмекшілерінің айлығы 7%-ке көтеріледі. 2021 жылы көмекшілердің еңбекақысы 30 процентке ұлғайған болатын.
Жалпы ішкі істер министрлігі 2023 жылға дейін полицейлердің жалақысын 90%-ке дейін өсіруді жоспарлап отыр. Өйткені құқық қорғау органдары арасында полицейлердің жалақысы өте төмен. Сондықтан президенттің тапсырмасымен 2019 жылдан бастап жалақы кезең-кезеңме көтерілуде.
"2023 жылға дейін 50-ден 90 пайызға дейін өсіру көзделген. Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант – 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады", - деген болатын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.