Өңірлер

Павлодар облысында мешітте қылмыс жасалды

© Sputnik / Абзал КалиевМечеть "Хазрет Султан" на карантине во время Священного месяца Рамазан
Мечеть Хазрет Султан на карантине во время Священного месяца Рамазан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Криминалист маман тексеру жұмыстары барысында саусақ іздерін анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысында ауыл тұрғыны мешіттен ақша ұрлады деген күдікке ілінді.
Шарбақты ауданы полиция бөліміне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түсті, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
"Аталған фактіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Криминалист тексеру барысында саусақ іздерін анықтады", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп, картотека бойынша сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.
Жедел уәкілдер оңай жолмен пайда тапқысы келген күдіктіні ұстады. Тергеу жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0