Өңірлер

Алматы облысында мешіт тоналып, көрші ауданның тұрғыны күдікке ілінді

© Sputnik / Тимур БатыршинМешіт мұнарасы
Мешіт мұнарасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2021
Жазылу
37 жастағы тұрғын өз әрекетін садақа жәшігінің қолжетімді жерде тұрғандығымен байланыстырған. Сондай-ақ, ол Рамазан айында мешіттегі ұрлыққа ешкім бармайды деп ойлаған

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Алматы облысының Нарынқол ауылында мешіт тоналды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Нарынқол ауылының имамы жалпы сомасы 150 мың теңгені құрайтын садақа жәшігі ұрланғанын айтып, полицияға арызданған. Мұсылмандар қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айында жасалған бұл ұрлық қоғамда наразылық тудырды. Сондықтан да ауыл тұрғындары іске тәртіп сақшыларының жедел араласуын талап етті.

Полицейлер де күдіктіні тез анықтап, қолға түсірді. Ол көрші Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті өз әрекетін садақа жәшігінің қолжетімді жерде тұрғандығымен байланыстырған. Сондай-ақ, ол Рамазан айында мешіттегі ұрлыққа ешкім бармайды деп ойлағанын айтып ақталған.

Қазіргі кезде ұсталған ер адам қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеу амалдары Райымбек аудандық полициясының тергеушілеріне тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Рамазан-2021: жұма, тарауық пен ауызашар өткізу тәртібі жарияланды

Айта кетейік, аталған бапта мұндай қылмыс үшін кінәліге бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (1 АЕК – 2 917 теңге) айыппұл салу қарастырылған. Сонымен қатар, түзеу жұмыстарына тартылады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, мүлкі тәркіленеді, яки осынша мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Жаңалықтар
0