https://sputnik.kz/20211229/qazaq-tili-prezident-zan-19020456.html
Қазақ тілінде жазылады – президент заңға қол қойды
Қазақ тілінде жазылады – президент заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшалары мемлекеттік тілде жазылады. Қажет болған кезде басқа тілдерде жазуға мүмкіндік беріледі 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-29T20:06+0500
2021-12-29T20:06+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
президент
қазақ тілі
заң
https://sputnik.kz/img/1431/52/14315261_8:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_0777016e789f275a92f70cb33802de4e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп жазады Ақорда.Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшалары мемлекеттік тілде жазылады. Қажет болған кезде басқа тілдерде жазуға мүмкіндік беріледі. Мұндай норма хабарландыру, жарнама, прескуранттар, баға көрсеткіштері, ас мәзірлері, басқа да көрнекі ақпараттарға қатысты.Енгізілген өзгерістер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және көрнекі ақпараттарға қатысты қателерді болдырмауға, оны алдын алуға септігін тигізеді.Негізгі мақсаты – деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сай және мәтіндердің түпнұсқасына сәйкестігін сақтау арқылы қатесіз жазу. Елдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің, физика-географиялық объектілердің атауын жазуға қатысты нормалар қарастырылды. Алайда орыс немесе басқа тілдерде аталатын елді мекендердің атаулары өзгермейді, сол күйінде жазылады.Заңға дін саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін жаңа нормалар да енгізілген.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1431/52/14315261_214:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_4b025c178ac0c81e772107e9c696615a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақ тілі, заң
президент, қазақ тілі, заң
Қазақ тілінде жазылады – президент заңға қол қойды
20:06 29.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшалары мемлекеттік тілде жазылады. Қажет болған кезде басқа тілдерде жазуға мүмкіндік беріледі
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп жазады Ақорда.
Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшалары мемлекеттік тілде жазылады. Қажет болған кезде басқа тілдерде жазуға мүмкіндік беріледі. Мұндай норма хабарландыру, жарнама, прескуранттар, баға көрсеткіштері, ас мәзірлері, басқа да көрнекі ақпараттарға қатысты.
Енгізілген өзгерістер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және көрнекі ақпараттарға қатысты қателерді болдырмауға, оны алдын алуға септігін тигізеді.
Негізгі мақсаты – деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сай және мәтіндердің түпнұсқасына сәйкестігін сақтау арқылы қатесіз жазу. Елдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің, физика-географиялық объектілердің атауын жазуға қатысты нормалар қарастырылды. Алайда орыс немесе басқа тілдерде аталатын елді мекендердің атаулары өзгермейді, сол күйінде жазылады.
Заңға дін саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейтін жаңа нормалар да енгізілген.