Қоғам

Жаңа министр қазақша сұраққа жауап бере алмады

Сериккали Брекешев - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Нұрлан Нығматулин Серікқали Брекешевке министр мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек –  Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қазақ тілінде қойылған сұраққа жауап бере алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Бүгін мәжілісте Каспий теңізін қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әралуандылықты сақтау туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі қаралды. Депутат Жанарбек Әшімжан баяндама жасаған жаңа министрге бірнеше сұрақ қойды және барлығына мемлекеттік тілде жауап беруді сұрады.

Бірақ министр Брекешев өз ойын мемлекеттік тілде жеткізе алмайтынын айтты.

"Сұрағыңызға рақмет, мемлекеттік тілде жауап беруге кішкене қиналамын. Қазақша білмегендіктен емес, өз ойымды толық жеткізу үшін орыс тілінде жауап берейін", - деді Брекешев.

Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экология министріне ескерту жасады.  

"Сіз бізге бірінші рет келіп отырсыз, депутаттың қойған сұрағы да үлкен күрделі мәселе. Сіз парламентке келіп отырсыз. Сондықтан ендігіде қазақ тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап беруіңіз керек. Шетелде оқыдыңыз, ағылшын тілін білесіз. Енді туған елде жүрсіз, оған қоса министрсіз, сондықтан қазақ тілінде сөйлеу керек. Келістік пе?", - деп сұрады Нығматулин. 

"Түсінікті, міндетте түрде", - деп жауап берді министр.

Оқи отырыңыз: "Иә! Солай болды": Вице-министрдің Нығматулинге берген жауабына депутаттар күліп жіберді

Серікқали Брекешев экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып 10 қыркүйекте тағайындалды. Ведомствоның бұрынғы басшысы Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болды.

Жаңалықтар
0