https://sputnik.kz/20211229/bas-sanitar-dariger-undeu-19016701.html
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері халыққа үндеу жолдады
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері халыққа үндеу жолдады
Sputnik Қазақстан
Санитарлар эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін салтанатты іс-шаралар мен мерекелерді өткізуден бас тартуға кеңес берді 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-29T13:31+0500
2021-12-29T13:31+0500
2022-02-01T13:05+0500
төтенше жағдай және карантин
елорда тынысы
коронавирус
үндеу
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1d/19013525_0:0:2983:1686_1920x0_80_0_0_d380fc1d13e5cf0a2d7dd9adc2b16dc1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова халықты мереке күндері адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға үндеді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.Ресми мәліметке сәйкес, әр мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдай нашарлайды. Себебі әлеуметтік байланыс көбейеді, карантиндік шаралар сақталмайды. Мәселен, бұған дейінгі мерекелерден кейін елорда "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа қайта оралған болатын.Осы орайда бас санитар жаңа жылдық корпоративтерді өткізу тәртібіне тоқталды. Оған сәйкес, отбасылық басқосулар, корпоративтер сияқты бұқаралық шараларды "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде ғана өткізуге болады. Сосын барлық адамда "жасыл" статус болуы шарт. Ал мейрамхана мен дәмхананың сыйымдылығын 50 проценттен асырмау қажет. Адам саны 70-тен артық болмауы керек.Дегенмен санитарлар елордадағы эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін салтанатты іс-шаралар мен мерекелерді өткізуден бас тартуға кеңес беріп отыр. Ал балалардың қатысуымен өтетін жалпы мектептік және ұжымдық ертеңгіліктерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады."Мен ата-аналарды, басқа өңірлерден келген қонақтарды және бүкіл қала халқын осы талаптарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Жаңа жылда пандемияны жеңіп, өмірдің бұрынғы қалпына оралайық деп тілеймін", - деп түйіндеді елорданың бас санитары.Оқи отырыңыз: Ковид жұқтырғандардың саны артып келеді
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1d/19013525_129:0:2811:1686_1920x0_80_0_0_0293b1f11727518e08faa7202272e752.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай және карантин, коронавирус, үндеу
төтенше жағдай және карантин, коронавирус, үндеу
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері халыққа үндеу жолдады
13:31 29.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Санитарлар эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін салтанатты іс-шаралар мен мерекелерді өткізуден бас тартуға кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова халықты мереке күндері адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға үндеді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
Ресми мәліметке сәйкес, әр мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдай нашарлайды. Себебі әлеуметтік байланыс көбейеді, карантиндік шаралар сақталмайды. Мәселен, бұған дейінгі мерекелерден кейін елорда "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа қайта оралған болатын.
"Бәріміз бірлескен күш-жігердің арқасында жағдайды біршама жақсарттық, енді сол еңбегіміз зая кетпесе игі. Алдағы мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Тексеріс тек біреуді жазалау немесе айыппұл салу үшін ғана емес, алдын алу шарасының орындалуы үшін де жүргізілетінін түсіну керек. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай осыған байланысты", - дейді Бейсенова.
Осы орайда бас санитар жаңа жылдық корпоративтерді өткізу тәртібіне тоқталды. Оған сәйкес, отбасылық басқосулар, корпоративтер сияқты бұқаралық шараларды "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерде ғана өткізуге болады. Сосын барлық адамда "жасыл" статус болуы шарт. Ал мейрамхана мен дәмхананың сыйымдылығын 50 проценттен асырмау қажет. Адам саны 70-тен артық болмауы керек.
Дегенмен санитарлар елордадағы эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін салтанатты іс-шаралар мен мерекелерді өткізуден бас тартуға кеңес беріп отыр. Ал балалардың қатысуымен өтетін жалпы мектептік және ұжымдық ертеңгіліктерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
"Мен ата-аналарды, басқа өңірлерден келген қонақтарды және бүкіл қала халқын осы талаптарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Жаңа жылда пандемияны жеңіп, өмірдің бұрынғы қалпына оралайық деп тілеймін", - деп түйіндеді елорданың бас санитары.