Қоғам

Ковид жұқтырғандардың саны артып келеді

© Sputnik / Абзал КалиевМужчина в маске идет по заснеженной улице
Мужчина в маске идет по заснеженной улице  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2021
Жазылу
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан бір адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 393 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 354, одан алдыңғы күні 342 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 68,
  • Алматы қаласы - 52,
  • Шымкент қаласы - 14,
  • Ақмола облысы - 36,
  • Алматы облысы - 14,
  • Атырау облысы - 10,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 27,
  • Жамбыл облысы - 4,
  • Батыс Қазақстан облысы - 9,
  • Қарағанды облысы - 56,
  • Қостанай облысы - 26,
  • Қызылорда облысы - 1,
  • Маңғыстау облысы - 5,
  • Павлодар облысы - 38,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 31,
  • Түркістан облысы - 2.
Пандемия басталғаннан бері елде 986 946 адам індетті жұқтырды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бір тәулікте коронавирус инфекциясынан 11 адам, COVID-19 белгілері бар пневмониядан бір көз жұмды.
Жаңалықтар
0