https://sputnik.kz/20211229/2021-jyl-Toqaev-bastamalar-19002294.html
Жер, өлім жазасы және сайлау: биыл Тоқаевтың қандай тапсырмалары орындалды
Жер, өлім жазасы және сайлау: биыл Тоқаевтың қандай тапсырмалары орындалды
Sputnik Қазақстан
2021 жылы қазақстандықтарды қуантқан жаңалық көп болды. Оның біразы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асты 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-29T11:07+0500
2021-12-29T11:07+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
2021 жыл
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0e/18414004_0:28:3252:1866_1920x0_80_0_0_ca985860e857cbfaa9bf60bed423d3bf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Екі-үш күннен соң 2021 жыл мәңгіге тарих қойнауына енеді. Ел үкіметі мен парламенті бір жыл ішінде біраз шаруа тындырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түрлі мінберден ұсынған бастамалары мен берген тапсырмаларының бірсыпырасы орындалды. Нәтижесінде халықтың өмірі жақсы жағына өзгерді, қоғамды алаңдатқан мәселелер шешімін тапты. Сиыр жылы Тоқаевтың қандай бастамалары толығымен жүзеге асқанын Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.Қазақстан өлім жазасынан бас тарттыҚазақстанда өлім жазасын алып тастау мәселесі жиырма жылдан бері талқыланып келеді. 2003 жылы желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлім жазасына мораторий жариялаған болатын. Содан бері Қазақстанға өлім жазасы қажет пе, жоқ па деген сауал төңірегінде пікірталас толастаған емес.Алайда 2019 жылдың соңында республика өлім жазасынан бас тартуға бағытталған қадам жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттамаға қосылуға дайындық басталды. Араға тоғыз ай салып Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші хаттамасына қол қойды.Ал 2021 жылы 2 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды.Оқи отырыңыз: Бес баланың өлімі, Алматыдағы атыс, қоймадағы жарылыс: бүкіл елді дүрліктірген оқиғаларОсыдан кейін Қазақстанның Қылмыстық кодексін Халықаралық хаттамамен үйлестіру үшін заң жобасы әзірленді. Оған сәйкес, өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 17 бабынан алынып тасталды. Енді елдегі ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру. Ал өлім жазасы алмастырылғандар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмайды. Халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін, оны қайта қалпына келтіруге болмайды. Парламент заңды қабылдап, Тоқаевтың қарауына жолдады.Осылайша Қазақстан өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттің қатарына кіріп отыр.Жер шетелдіктерге сатылмайдыБиыл Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақты толғандырған даулы мәселеге нүкте қойды. Енді жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді.Президент ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын талай рет мәлімдеді. Ал 13 наурызда Тоқаев өзінің президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады.Құжатта ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салынған. Қандастарға жер телімі жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін беріледі. Олар жерді Қазақстан азаматтығын алған соң ғана жалға алады. Парламент заңды бірауыздан қабылдап, мемлекет басшысы оған 13 мамырда қол қойды.Оқи отырыңыз: 2022 жылы халықтың әл-ауқаты нендей күйде болады – экономистер болжам жасадыАл 30 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сатуға мораторийді ұзартатын түзетулерді бекітті. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан азаматтарына жекеменшікке беру туралы Жер кодексінің нормаларын қолдануға мораторий 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер қатыспаған заңды тұлғаларға ғана жерді 49 жылға жалға алу мүмкіндігі беріледі.Қазақстандықтар зейнетақы жинағының арқасында баспаналы болдыБиыл мыңдаған қазақстандық зейнетақы шотындағы артық ақшасын пайдаланып, бір қуанып қалды. Баспана алды, ипотекасын жапты, ем-домға жұмсады.Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану бастамасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді. Соның арқасында 1 қаңтардан бері жарты миллионнан аса азамат 2,2 триллион теңгені өз қажетіне жаратты.Ауыл халқы әкімді өздері таңдайдыТоқаевтың осы жылы жүзеге асқан тағы бір бастамасы – ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы.Президент ең алғаш бұл идеяны 2020 жылғы жолдауында жария етті. Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінің сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретінін мәлімдеді. Өйткені Қазақстан халқының 40%-тен астамы ауылда тұрады. Ал әкім – әр елді мекендегі биліктің тікелей өкілі. Ауыл әкімдерінің сайлауы, ең алдымен, сол жердегі тұрғындардың мүддесі үшін өткізіледі.2021 жылдың мамырында президент ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын көздейтін Конституциялық заңға қол қойды. Ал 25 шілдеде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Бұл сайлауда республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне 730 әкім сайланды.2024 жылы қазақстандықтар Тоқаевтың тапсырмасымен пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады."Бәріне қарсымын"Биылдан бастап қазақстандықтар қандай да бір сайлауға немесе кандидаттардың бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіре алады. Өйткені президенттің бастамасымен сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген тармақ қосылды."Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми түрде көрсетудің өзі таңдау емес пе?", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтарда VII шақырылған парламент сессиясында.Оқи отырыңыз: 2022 жылдан бастап 2,3 миллион қазақстандықтың зейнетақысы өседіҚазақстанда "Бәріне қарсы дауыс беремін" деген баған бұрын болған. Алайда 2004 жылы Конституциялық заңға өзгерістер енгізіліп, бәріне қарсы дауыс беру мүмкіндігі жойылды.Сондай-ақ президенттің тапсырмасымен биыл мәжіліске өту шегі 7%-тен 5%-ке дейін төмендетіліп отыр.Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге көтеруді тапсырды. Содан бері ұстаздардың еңбекақысы жыл сайын 25 процентке өсіп келеді. Осы жылы да мемлекет басшысының сөзі жерде қалмады.2023 жылға қарай мұғалімдер мен дәрігерлердің табысы екі есеге артады деген жоспар бар.Айта кетері, қазір мұғалімдерге жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы төленеді. Бұдан бөлек, біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50%-ке дейін ұлғайды. Дәптер тексергені және сыныпқа жетекшілік еткені үшін үстемеақы екі есе артты.2021 жылдың 1 қаңтарынан 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы 20-30%-ке өскен. Нәтижесінде дәрігерлер 319,9 мың теңге, орта медицина қызметкерлері 173,5 мың теңге ала бастады.2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін (561 мың теңгеге дейін) ұлғайту жоспарланып отыр.Осы мақсатқа бюджеттен 2021 жылға – 222,3 миллиард теңге, 2022 жылға – 361,7 миллиард теңге, 2023 жылы 557,4 миллиард теңге көзделген.Стипендия өстіЖыл басында мемлекет басшысы студенттердің, соның ішінде болашақ дәрігерлердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырған еді. Нәтиже көп күттірмеді.Бірінші қыркүйектен бастап студент жастардың қалтасы қалыңдады. Қазір бакалавр 26 186 теңгенің орнына 31 423 теңге алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге бұрынғыдай 42 000 теңге емес, 50 400 теңге төленеді. Ал болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін артты.Оқи отырыңыз: 2022 жылы қазақстандықтарды қандай маңызды оқиғалар күтіп тұрМагистранттар мен докторанттардың стипендиясы да ұлғайды.Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл грант саны да көбейді. 2025 жылға қарай грант саны кезең-кезеңмен 75 мыңға дейін жетеді.Экология кодексі қабылдандыҚазақстан президенті қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты ол мемлекеттік органдарға жаңа Экология кодексін қабылдау міндетін қойған еді. Парламент 2020 жылдың соңына дейін заңды қабылдады. Ал 2021 жылы 2 қаңтарда Тоқаев құжатқа қол қойды.Экология кодексінде ағашты заңсыз кескендер үшін жаза қатаңдатылған.Енді заңды екінші рет бұзғандар 4 миллион теңге айыппұл арқалайды. Егер келтірілген шығын 277 мың теңгеден асса, қылмыстық жауапкершілік бар. Қызыл кітапқа енгізілген ағашты кескені үшін айыппұл мөлшері 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.Сонымен қатар қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де жауапкершілік күшейді. Жаңа кодекс бойынша олар экологияға келтірілген залалды толығымен өтейді. Бұған қоса, эмиссияны азайту үшін жетекші технологиялар енгізуге міндетті.Темір торда отырғандарға рақымшылық жасалдыҚазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қасым-Жомарт Тоқаев сотталғандарға рақымшылық жасады.Рақымшылыққа, негізінен, ардагерлер, кәмелетке толмағандар, егде жастағылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдар – жалпы саны 14 мың қазақстандық ілікті.Атап айтқанда, 1 мың адам түрмеден шықса, 3881 адам пробациялық бақылаудан босатылды. 1330 сотталушының, пробацияда тұрған 7492 адамның жаза мерзімі қысқартылды.Айта кетері, рақымшылық аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар үшін қолданылды.Ауыр және аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстарға барған адамдар рақымшылыққа іліккен жоқ.Шекті меже сәуірге дейін көтерілмейдіЖелтоқсан айының басында БЖЗҚ жаңа жылдан бастап жеткілікті шек екі есеге жуық өсетінін хабарлады. Мәселен, 35 жастағы азамат үшін шекті меже 2 940 000 теңгеден 5 060 000 теңгеге дейін, ал 40 жастағы азамат үшін 3 437 000 теңгеден 5 790 000 теңгеге дейін көтерілмек.Оқи отырыңыз: "Отбасы банк" зейнетақы жинағын депозитке аударуға қатысты мәлімдеме жасадыБір қызығы, зейнетақы қоры бұл жайлы қазақстандықтарға күні бұрын ескерткен жоқ. Жұртшылықпен талқыламады. Жеткілікті шектің күрт өсетіні туралы хабар халықты дүрліктірді. Жаңалықты ести салысымен, бәрі зейнетақы шотындағы артық ақшасын пайдаланып қалуға тырысты. Әлеуметтік желілер қазақстандықтардың наразы пікіріне толды. БЖЗҚ-ның зейнетақы жинағын алу үшін шекті межені өсіру туралы шешіміне наразылық ретінде онлайн-петиция іске қосылды. Құжат авторлары жеткілікті шектің жаңа мөлшері көптеген қазақстандық үшін қолжетімді емес екенін алға тартты.Қоғамда туған дауға ел президенті араласты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптің өтінішін ескеріп, үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0e/18414004_0:0:3252:2045_1920x0_80_0_0_fa18269da43d910ae3a41471049a93f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Нұргүл Абай
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341490_0:0:1056:1056_100x100_80_0_0_b6439d5f42bb76de26037282ce5a81f3.jpg
қасым-жомарт тоқаев, 2021 жыл
қасым-жомарт тоқаев, 2021 жыл
Жер, өлім жазасы және сайлау: биыл Тоқаевтың қандай тапсырмалары орындалды
11:07 29.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Нұргүл Абай
тілші-редактор
2021 жылы қазақстандықтарды қуантқан жаңалық көп болды. Оның біразы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асты
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Екі-үш күннен соң 2021 жыл мәңгіге тарих қойнауына енеді. Ел үкіметі мен парламенті бір жыл ішінде біраз шаруа тындырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түрлі мінберден ұсынған бастамалары мен берген тапсырмаларының бірсыпырасы орындалды. Нәтижесінде халықтың өмірі жақсы жағына өзгерді, қоғамды алаңдатқан мәселелер шешімін тапты. Сиыр жылы Тоқаевтың қандай бастамалары толығымен жүзеге асқанын
Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Қазақстан өлім жазасынан бас тартты
Қазақстанда өлім жазасын алып тастау мәселесі жиырма жылдан бері талқыланып келеді. 2003 жылы желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өлім жазасына мораторий жариялаған болатын. Содан бері Қазақстанға өлім жазасы қажет пе, жоқ па деген сауал төңірегінде пікірталас толастаған емес.
Алайда 2019 жылдың соңында республика өлім жазасынан бас тартуға бағытталған қадам жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші факультативті хаттамаға қосылуға дайындық басталды. Араға тоғыз ай салып Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші хаттамасына қол қойды.
Ал 2021 жылы 2 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды.
Осыдан кейін Қазақстанның Қылмыстық кодексін Халықаралық хаттамамен үйлестіру үшін заң жобасы әзірленді. Оған сәйкес, өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 17 бабынан алынып тасталды. Енді елдегі ең қатаң жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру. Ал өлім жазасы алмастырылғандар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмайды. Халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін, оны қайта қалпына келтіруге болмайды. Парламент заңды қабылдап, Тоқаевтың қарауына жолдады.
Осылайша Қазақстан өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттің қатарына кіріп отыр.
Жер шетелдіктерге сатылмайды
Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақты толғандырған даулы мәселеге нүкте қойды. Енді жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді.
Президент ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайтынын талай рет мәлімдеді. Ал 13 наурызда Тоқаев өзінің президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын парламентке жолдады.
Құжатта ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толықтай тыйым салынған. Қандастарға жер телімі жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін беріледі. Олар жерді Қазақстан азаматтығын алған соң ғана жалға алады. Парламент заңды бірауыздан қабылдап, мемлекет басшысы оған 13 мамырда қол қойды.
Ал 30 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді сатуға мораторийді ұзартатын түзетулерді бекітті. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан азаматтарына жекеменшікке беру туралы Жер кодексінің нормаларын қолдануға мораторий 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер қатыспаған заңды тұлғаларға ғана жерді 49 жылға жалға алу мүмкіндігі беріледі.
Қазақстандықтар зейнетақы жинағының арқасында баспаналы болды
Биыл мыңдаған қазақстандық зейнетақы шотындағы артық ақшасын пайдаланып, бір қуанып қалды. Баспана алды, ипотекасын жапты, ем-домға жұмсады.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану бастамасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған еді. Соның арқасында 1 қаңтардан бері жарты миллионнан аса азамат 2,2 триллион теңгені өз қажетіне жаратты.
Ауыл халқы әкімді өздері таңдайды
Тоқаевтың осы жылы жүзеге асқан тағы бір бастамасы – ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы.
Президент ең алғаш бұл идеяны 2020 жылғы жолдауында жария етті. Мемлекет басшысы ауыл әкімдерінің сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретінін мәлімдеді. Өйткені Қазақстан халқының 40%-тен астамы ауылда тұрады. Ал әкім – әр елді мекендегі биліктің тікелей өкілі. Ауыл әкімдерінің сайлауы, ең алдымен, сол жердегі тұрғындардың мүддесі үшін өткізіледі.
2021 жылдың мамырында президент ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын көздейтін Конституциялық заңға қол қойды. Ал 25 шілдеде алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Бұл сайлауда республика бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне 730 әкім сайланды.
2024 жылы қазақстандықтар Тоқаевтың тапсырмасымен пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлау мүмкіндігіне ие болады.
Биылдан бастап қазақстандықтар қандай да бір сайлауға немесе кандидаттардың бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіре алады. Өйткені президенттің бастамасымен сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген тармақ қосылды.
"Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "Бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми түрде көрсетудің өзі таңдау емес пе?", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтарда VII шақырылған парламент сессиясында.
Қазақстанда "Бәріне қарсы дауыс беремін" деген баған бұрын болған. Алайда 2004 жылы Конституциялық заңға өзгерістер енгізіліп, бәріне қарсы дауыс беру мүмкіндігі жойылды.
Сондай-ақ президенттің тапсырмасымен биыл мәжіліске өту шегі 7%-тен 5%-ке дейін төмендетіліп отыр.
Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы
2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысын екі есеге көтеруді тапсырды. Содан бері ұстаздардың еңбекақысы жыл сайын 25 процентке өсіп келеді. Осы жылы да мемлекет басшысының сөзі жерде қалмады.
2023 жылға қарай мұғалімдер мен дәрігерлердің табысы екі есеге артады деген жоспар бар.
Айта кетері, қазір мұғалімдерге жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы төленеді. Бұдан бөлек, біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50%-ке дейін ұлғайды. Дәптер тексергені және сыныпқа жетекшілік еткені үшін үстемеақы екі есе артты.
2021 жылдың 1 қаңтарынан 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы 20-30%-ке өскен. Нәтижесінде дәрігерлер 319,9 мың теңге, орта медицина қызметкерлері 173,5 мың теңге ала бастады.
2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін (561 мың теңгеге дейін) ұлғайту жоспарланып отыр.
Осы мақсатқа бюджеттен 2021 жылға – 222,3 миллиард теңге, 2022 жылға – 361,7 миллиард теңге, 2023 жылы 557,4 миллиард теңге көзделген.
Жыл басында мемлекет басшысы студенттердің, соның ішінде болашақ дәрігерлердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырған еді. Нәтиже көп күттірмеді.
Бірінші қыркүйектен бастап студент жастардың қалтасы қалыңдады. Қазір бакалавр 26 186 теңгенің орнына 31 423 теңге алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге бұрынғыдай 42 000 теңге емес, 50 400 теңге төленеді. Ал болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін артты.
Магистранттар мен докторанттардың стипендиясы да ұлғайды.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл грант саны да көбейді. 2025 жылға қарай грант саны кезең-кезеңмен 75 мыңға дейін жетеді.
Экология кодексі қабылданды
Қазақстан президенті қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты ол мемлекеттік органдарға жаңа Экология кодексін қабылдау міндетін қойған еді. Парламент 2020 жылдың соңына дейін заңды қабылдады. Ал 2021 жылы 2 қаңтарда Тоқаев құжатқа қол қойды.
Экология кодексінде ағашты заңсыз кескендер үшін жаза қатаңдатылған.
Енді заңды екінші рет бұзғандар 4 миллион теңге айыппұл арқалайды. Егер келтірілген шығын 277 мың теңгеден асса, қылмыстық жауапкершілік бар. Қызыл кітапқа енгізілген ағашты кескені үшін айыппұл мөлшері 1000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар қоршаған ортаны ластайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін де жауапкершілік күшейді. Жаңа кодекс бойынша олар экологияға келтірілген залалды толығымен өтейді. Бұған қоса, эмиссияны азайту үшін жетекші технологиялар енгізуге міндетті.
Темір торда отырғандарға рақымшылық жасалды
Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қасым-Жомарт Тоқаев сотталғандарға рақымшылық жасады.
Рақымшылыққа, негізінен, ардагерлер, кәмелетке толмағандар, егде жастағылар, І және ІІ топтағы мүгедектер, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдар – жалпы саны 14 мың қазақстандық ілікті.
Атап айтқанда, 1 мың адам түрмеден шықса, 3881 адам пробациялық бақылаудан босатылды. 1330 сотталушының, пробацияда тұрған 7492 адамның жаза мерзімі қысқартылды.
Айта кетері, рақымшылық аса ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандар үшін қолданылды.
Ауыр және аса ауыр, сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстарға барған адамдар рақымшылыққа іліккен жоқ.
Шекті меже сәуірге дейін көтерілмейді
Желтоқсан айының басында БЖЗҚ жаңа жылдан бастап жеткілікті шек екі есеге жуық өсетінін хабарлады. Мәселен, 35 жастағы азамат үшін шекті меже 2 940 000 теңгеден 5 060 000 теңгеге дейін, ал 40 жастағы азамат үшін 3 437 000 теңгеден 5 790 000 теңгеге дейін көтерілмек.
Бір қызығы, зейнетақы қоры бұл жайлы қазақстандықтарға күні бұрын ескерткен жоқ. Жұртшылықпен талқыламады. Жеткілікті шектің күрт өсетіні туралы хабар халықты дүрліктірді. Жаңалықты ести салысымен, бәрі зейнетақы шотындағы артық ақшасын пайдаланып қалуға тырысты. Әлеуметтік желілер қазақстандықтардың наразы пікіріне толды. БЖЗҚ-ның зейнетақы жинағын алу үшін шекті межені өсіру туралы шешіміне наразылық ретінде онлайн-петиция іске қосылды. Құжат авторлары жеткілікті шектің жаңа мөлшері көптеген қазақстандық үшін қолжетімді емес екенін алға тартты.
Қоғамда туған дауға ел президенті араласты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көптің өтінішін ескеріп, үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.