13:40 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
4502 0 0

Қазақстанда 2022 жылдан бастап екі миллионнан астам зейнеткердің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТК) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты көбейеді. Зейнетақы қаншалықты артатынын Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

2022 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткішті тағы 5%-ке индекстеу жоспарланған. Нәтижесінде ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңге, ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 60 мың теңгені құрайды.

Айта кетері, ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейін ескеріп белгіленеді.

Соған байланысты 2022 жылы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 миллион қазақстандықтың табысы өседі. Ал ең төменгі жалақыны ұлғайту экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,6 миллион адамның кірісіне әсер етеді.

Атап айтқанда, шамамен 2,3 миллион зейнеткердің зейнетақысы өседі. Ынтымақты зейнетақы 7%-ке (инфляция деңгейінен 2%-ке артық) және базалық зейнетақы төлемі 5%-ке, жалпы сомасы 138,3 миллиард теңгеге артады.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге.

Зейнетақы қалай төленеді

Қазір қазақстандықтардың зейнетақысы базалық, міндетті және ерікті жарналар есебінен құралады.

Базалық зейнетақыны кез келген қазақстандық зейнеткер алады, оны республикалық бюджеттен төлейді.

Базалық зейнетақының мөлшері жұмыс өтіліне байланысты белгіленеді. Егер адам зейнетақы жүйесіне он жылдан аз уақыт қатысса, онда ол ең төменгі базалық зейнетақы алады: ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-і – 2022 жылы бұл 19 450 теңге болады.

Оқи отырыңыз: Депутаттар жәрдемақы мен зейнетақыны арттыру мәселесін көтерді

Әрбір жыл үшін базалық зейнетақы мөлшері бір ең төменгі күнкөріс деңгейі – 36 018 теңгеге жеткенше 2%-ке артады. Бұл базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері, оны келер жылы 33 және одан да көп жыл жұмыс істеген адам алады.

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін еңбек өтілі жоқ қазақстандық зейнеткерлер алады. Егер еңбек өтілі бар болса, онда базалық зейнетақыға ынтымақты зейнетақы қосылады. Ынтымақты зейнетақы мемлекеттік бюджеттен төленеді, ол ресми түрде 1998 жылға дейін кем дегенде жарты жыл жұмыс істегендерге арналған. Ынтымақты зейнетақының мөлшері еңбек өтіліне және орташа жалақы мөлшеріне байланысты төленеді.

Зейнетақыны қалай есептеуге болады

 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинағы сомасының зейнетақы жинағы төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі – 6,5 % (зейнетақы жинағының сомасы * 6,5% / 12 = бірінші жылдағы ай сайынғы төлемнің мөлшері).

Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері былтырғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептеледі – 5%.

БЖЗҚ мысалы:

Зейнетақы жинағының сомасы 6 000 000 теңгеге тең.

Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5% = 390 000 теңге.

Бірінші жылдағы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 390 000/12 ай = 32 500 теңге;

Екінші жылға арналған ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері: 32 500+32 500*5% = 34 125 теңге.

Сонымен қатар әдістеме белгілі бір санаттар үшін жоғарылату коэффициенттерін ұсынады:

  • мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар;
  • жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде 60 ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген азаматтар.

Осы орайда жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуін ғана емес, одан да көбін қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

Айта кетері, зейнетақы төлемдерін есептеудің бұл әдісі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

2018 жылдың 1 қаңтарға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын іске асырған адамдар үшін зейнетақы төлемінің жыл сайынғы мөлшері ең төмен зейнетақының кемінде 30 еселенген мөлшерін құрайды (30 х 60 000 = 1 800 000 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2021 жылдың 31 наурызына дейін (қоса алғанда) жаңа әдістемеге сәйкес зейнетақы алу құқығын іске асырған адамдарға 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдері кейіннен жыл сайын индекстей отырып, индекстеу мөлшерлемесіне 5% ұлғайтылады.

Болашақта Қазақстан билігі базалық зейнетақы төлемінен бас тартып, ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшуді жоспарлап отыр. Бұл өзгерістер зейнетақы жүйесін жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына енгізілген.

Кілт сөздер:
зейнетақы, зейнеткер
Загрузка...

Басты тақырып