https://sputnik.kz/20211227/Semey-poyyz-zholaushy-18988466.html
Семейде пойыз жолаушысын зорламақ болды
Семейде пойыз жолаушысын зорламақ болды
Sputnik Қазақстан
Көліктегі полиция департаменті тергеуді бастады, кінәлі сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T07:20+0500
2021-12-27T07:20+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
зорлау
пойыз
жолаушы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:181:1000:744_1920x0_80_0_0_55d437edb9d2fc0ce9f2f701ead9bda1.jpg
ПАВЛОДАР, 27 желтоқсан – Sputnik. Семей стансасында жолаушылар пойызында белгісіз біреу жолаушыны зорламақ болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша тіркелді. Бұл бап кінәліні бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр."Бұл іске қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - делінген көліктегі полицияның хабарламасында.Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы "Тұлпар-Тальго" пойызының жолаушысын екі жолсерік зорлағаны белгілі болды. Елді дүрліктірген бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сот жолсеріктерді бес жылға бас бостандығынан айырды.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:18:1000:768_1920x0_80_0_0_a159b226d713053396e1814ec348ee87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлау, пойыз, жолаушы
Семейде пойыз жолаушысын зорламақ болды
07:20 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Көліктегі полиция департаменті тергеуді бастады, кінәлі сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
ПАВЛОДАР, 27 желтоқсан – Sputnik. Семей стансасында жолаушылар пойызында белгісіз біреу жолаушыны зорламақ болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабының 1-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша тіркелді.
Бұл бап кінәліні бес жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
"Бұл іске қатысты басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - делінген көліктегі полицияның хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы "Тұлпар-Тальго" пойызының жолаушысын екі жолсерік зорлағаны белгілі болды. Елді дүрліктірген бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Сот жолсеріктерді бес жылға бас бостандығынан айырды.