05:06 26 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.07
  • EUR494.14
  • RUB6.06
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2107 0 0

Халық тарапынан сұраныс болса, мұндай купелер басқа пойыздарда да енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" АҚ әйелдер купесі бар алғашқы жолаушылар пойыздарын іске қосты. Әзірге мұндай вагондар тек екі –  Алматы – Өскемен және Алматы – Маңғыстау пойыздарында ғана бар.

Пилоттық жоба 10 қазанда басталды.

"Енді жолаушыларға пойыз таңдау құқығы беріледі: кәдімгі вагон немесе жеке әйелдер вагоны. Вагондардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ, жол ақысы да бірдей. Тек кассадан және онлайн билет сатып алу шарттары ғана өзгеше", - делінген ҚТЖ хабарламасында.

BILET. RAILWAYS.KZ сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ кассаларында билет алғанда "ЖН" литерінің болуы вагон тек әйелдерге арналғанын білдіреді.

Айта кетері, вагонға жеті жасқа дейінгі ұлдар да кіргізіледі.

Компания халық тарапынан сұраныс болса, мұндай купелер басқа бағдарларда да пайда болатынына сендірді.

Әйелдер купесі бар пойыздар Алматы-2 стансасынан аттанды. Жолаушылар тың бастамаға қуанып, пойыз бригадасының сервистік қызметіне жоғары баға берді.

"Менің вагоныма ең тәртіпті және жауапты жолаушылар жиналған, вагонда тыныш. Әйелдер вагоны жобасы халық арасында танымал болады деген үміттемін", - дейді пойыз бастығы Айдарбек Сәбденов.

Еске салсақ, 2019 жылы жазда ҚТЖ басшылығы пойызда әйелдер купесін енгізу мәселесі әзірге қарастырылмайтынын мәлімдеді. Өйткені "теміржол ең қауіпсіз көлік түрі саналады".

"Тұлпар-Тальго" пойызындағы зорлау оқиғасы

2018 жылы қарашада "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) жантүршігерлік оқиға туралы жазды.

Оның айтуынша, елордада өткен ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған.

Оқи отырыңыз: ҚТЖ әйелдер купесінен бас тарту себебін түсіндірді

Судья бұл оқиғаны жабылып зорлау деудің орнына "әдеттегі әйел зорлау" деп бағалады. Ер адамдар 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде вагондарды адамның жынысына қарай бөлу қажеттілігін қызу талқылаған еді.

Кілт сөздер:
пойыз, вагон, әйелдер
Загрузка...

Басты тақырып