Әлем

Ресей Украинаға энергетикалық көмір жеткізуді тоқтатты

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуУголь, архивное фото
Уголь, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Жазылу
Олар Ресей өмір бойы көмірмен қамтамасыз етеді деп сенген болу керек. Соның салдарынан күні кеше украин үкіметіне Луганск ЖЭС-ті газға көшіру туралы шұғыл шешім қабылдауына тура келді
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Украина биыл қарашада елдегі көмір импортының құны 2020 жылдың қарашасымен салыстырғанда 2,6 есе артқанын, ал негізгі жеткізуші Ресей екенін мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
Алайда Киев билігі бұған дейін АҚШ пен Австралиядан әлем мұхиты арқылы Укринаның Қара теңіздегі портына көмір үлкен көлемде жеткізіліп жатқанын бірнеше рет мақтана жариялаған болатын. Қарашада Украина жалпы құны 328 миллион доллар болатын 1,7 миллион тоннадан астам көмір импорттады. Бір қызығы, өткен жылдың қарашасында импорт 1,6 миллион тоннадан сәл аз болып, оның құны 126 миллион доллар шығынды құраған. Яғни, бір жыл ішінде бір тонна көмірдің орташа құны 2,3 есеге – 81 доллардан 189 долларға дейін өсті.
Ал Ресейден жеткізілетін көмір көлемі өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда нақты мәнде бұрынғы деңгейде қалды: биыл 1,058 мың тонна болса, өткен жылы 1053 мың тонна. Бірақ ресейлік жабдықтаушылар осы көмір үшін украин сатып алушылардан 2,4 есе көп қаражат алды: 83 миллион доллардың орнына 197 миллион доллар.
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Әлем
НАТО-ға ультиматум, газ бағасы және Украина: Путиннің баспасөз мәслихаты өтті
Бір қызығы, қаззанның соңында Ресейдің экономикалық даму министрлігі ішкі сұраныстың артуына байланысты Украинаға энергетикалық көмір жеткізу 1 қарашадан бастап тоқтайтынын және жеткізуге тыйым салу кокстелген көмірге қатысты емес екенін мәлмдеді. Мұны Украинадағы Жоғарғы Рада комитетінің басшысы Андрей Герус те растады: "1 қарашадан бастап Ресей Федерациясы Украинаға энергетикалық көмір жеткізуді тоқтатады. Бұл көмірдің А (антрацит) және П (жеңіл) маркаларына қатысты. Оны ДТЭК (Луган ЖЭС, Криворожск ЖЭС), "Донбассэнерго" (Славян ЖЭС) және "ТехНова" (Дарницк ЖЭО, Сума ЖЭО, Черниговск ЖЭО)" компаниялары жеткізіп келді".
Бірақ украин кеден қызметінің дерегі бойынша, қарашада Украинаға энергетикалық көмір жеткізілді. Бірақ жеткізілген энергетикалық көмір көлемі физикалық өлшем бойынша бестен бірін және құн өлшемі бойынша одан да аз көлемді құрады. Қалай болғанда да, көмір жеткізілді. Бәлкім, бұл бұған дейін жеткізілген көмірді кеденде рәсімдеумен немесе ерте жасалған келісімшарт бойынша жеткізулердің аяқталуымен байланысты болар. Егер бұл рас болжам болса, желтоқсанның қорытындысы бойынша Ресейден жеткізілетін көмір тіркелмейді. Сондықтан украин энергетиктері өз қажеттілігін украин өндірісінің көмірі және "одақтас" елдерден жеткізулер арқылы қанағаттандыру қажет.
Жағдай расында да осындай секілді. Луганск ЖЭС-тегі көмір қоры біртіндеп азайып, желтоқсанның басында толық таусылды. Ал Луганск ЖЭС – бұл жақсы индикатор. Оған көмір Луганск демократиялық халық республикасынан немесе Ресейден жеткізіледі. Осы жылу станциясына апаратын теміржол тармағы ЛДХР арқылы өтеді. Сегіз жылға созылған "Ресеймен соғыста" Киев ЛДХР-ды айналып өтіп, Луганск ЖЭС-ті украин теміржол желісімен біріктіретін бірнеше ондаған километрге созылатын жол салуға талпынбады.
Президент РФ Владимир Путин во время переговоров с президентом США Джозефом Байденом - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Әлем
"Қызыл сызық" және Украина – Путин мен Байден талқылаған мәселелер
Олар Ресей өмір бойы көмірмен қамтамасыз етеді деп сенген болу керек. Соның салдарынан күні кеше украин үкіметіне Луганск ЖЭС-ті газға көшіру туралы шұғыл шешім қабылдауына тура келді. Әйтпегенде, Луганск облысының бүкіл солтүстік-шығыс бөлігі белгісіз уақытқа жарықсыз қалатын еді. Газдың көмегімен өндірілген электр қуатының құны қанша болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Себебі Украинада өнеркәсіптер оның бір текше метрін 2,7 доллардан жеткізіп отыр.
Бірақ Украин билігі отандық өндіру мен импорт ЖЭС пен ЖЭО-дағы көмір тұтынуын толығымен қамтамасыз етіп отырғанын мәлімдеді. Осыған қатысты бірнеше сұрақ туындайды.
Біріншіден, өзіндік өндірістің жоғары қарқынына қарамастан, қыстыңгүні жарықсыз қалудан сескенген украин көмір өндіруші кәсіпорындары бәрібір оның көлемін қысқартуды жалғастырып жатыр. Екіншіден, премьер-министр Шмыгаль көмір тұтыну туралы айтқан кезде аяз әлі басталмаған және белорусь электр энергиясы жеткізілген кезеңді басшылыққа алады. Ең бастысы, үшіншіден, "агрессор ел" импортының орнын басатын "одақтас елдің" импорты қаншаға айналады?
Қарашада ресейлік көмірдің бір тоннасы украиндер үшін орташа есеппен 187 доллар, ал америкалық көмір 265 доллар және австралиялық көмір 389 доллар тұрды. Сондықтан Ресей көмірін Америка мен Австралияның көмірімен алмастырса, онда шығын бір-екі есеге артады.
Люди в флагами Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Әлем
Украина өз атауын өзгертуді көздеп отыр
Бірнеше ай бұрын Украинаның энергетика министрі Герман Галущенко қысқы маусымнан өту үшін Украинаға 3,5 миллион тонна көмір импорттау қажет екенін және бұл жылу энергиясын өндіруге жарты миллиард доллардан астам қаражат жұмсалатынын мәлімдеді. Қазіргі жағдайда көмірдің дәл осы көлемі үшін миллиард доллар төлеуге тура келеді. Ал бұл көлемнің жететіні де нақты емес.
Бірақ жоғарыда аталғанның бәрі энергетикалық көмірге және сәйкесінше украин энергетиктеріне қатысты. Әйткенмен украин металлургиясы болашақта ресейлік шикізаттың есебінен жұмысын жалғастыра беретін секілді. Бұл қарашада Ресейден жеткізілген 840 мың кокстелген көмірге ғана емес, сонымен қатар тікелей 72 мың тоннаға жуық кокске қатысты. Егер бұл жеткізулерге де шектеу қойылса, онда Украинада металлургия өндірісі толығымен тоқтап қалар еді.
Жаңалықтар
0