Әлем

Қырғызстан президенті қала атауын өзгерту туралы шешім қабылдағанын айтты

© Photo : Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі Садыр Жапаров Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылуына арналған гала-концертке қатысты
 Садыр Жапаров Қазақстанның Қырғызстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылуына арналған гала-концертке қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2021
Жазылу
Садыр Жапаров өзінің шешімін үкімет отырысында жария етті. Ол бұл жаңалықты міндетті түрде бөлісуі керектігін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан — Sputnik. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров министрлер кабинетінің жылды қорытындылау жиынында Исфана қаласының атауын өзгерту туралы шешімін жариялады. Оған енді мемлекеттік қайраткер Исхак Раззақов есімі беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
"Президент сайлауы кезінде үгіт-насихат жұмыстарын Раззақовтың туған жері - Баткеннен бастадым. Мемлекеттік қайраткердің 110 жылдығы құрметіне Исфана шаһарын Раззақов қаласы деп атау жөнінде шешім қабылдадым", - деді Жапаров.
Белгілі саяси және мемлекеттік қайраткер Раззақов соғыстан кейін Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық, индустриялық, аграрлық, мәдени жағынан дамуына сүбелі үлес қосқан, деп жазады ақпарат агенттігі.
Ол Қырғыз КСР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болған, республика қаһарманы. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0