Саясат

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2021
Жазылу
Қажет болған жағдайда Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір, деп мәлімдеді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыстан кейінгі қалыптасқан жағдайды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына бауырлас ел азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан президенті мұндай шекаралық мәселелерді өзара түсіністік пен тату көршілік аясында тек қана бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өтті. Ол Душанбеде өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздерге табыс тіледі. Сонымен қатар мемлекет басшысы қажет болған жағдайда Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: 13 адам қаза тапты, арасында 12 жасар қыз бар

Садыр Жапаров бауырлас Қазақстанның достық ниет танытқанына ризашылық білдіріп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзара ынтымақтастықтың барлық мәселелерін жедел шешу үшін тұрақты байланыста болатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыс 28 сәуірде басталды. Тараптар бірнеше рет бітімге келу туралы уағдаласты, бірақ келісім қайта-қайта бұзылды.

Sputnik Қырғызстан агенттігінің хабарлауынша, шекарадағы қақтығыс салдарынан 33 адам қаза тапқан, олардың басым көпшілігі – қарапайым азаматтар. Қырғызстанда екі күндік қаза болғандарды аза тұту жарияланды.

Сенбі, 1 мамырда Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері шекараны белгілеу бойынша келіссөздер жүргізуге келісті.

Жаңалықтар
0