Өңірлер

Жүрек жұтқан әйел: Павлодарда түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

© Sputnik / stringerТени на стене, иллюстративное фото
Тени на стене, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2021
Жазылу
Облыстық полиция департаменті төбелестің 22 желтоқсан күні болғанын растады
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде түн ішінде бірнеше адамның төбелесі түсірілген видео пайда болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Кадрдан белгісіз адамдар көлікке отырып кеткеннен кейін бірнеше жігіт келіп төбелесіп жатқанын көруге болады. Олардың екі адамға жабылып, жұдырықтай бастаған. Сол арада қолына пакет ұстаған әйел келіп, араша түскен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вести Павлодар (@vesti_pavlodar)

Облыстық полиция департаменті төбелестің 22 желтоқсан күні болғанын растады. 
"Аталмыш факт полицияда тіркелген. Павлодар қаласында Н.Назарбаев даңғылы, 204-ші үйдің ауласында орын алды. Жеке тұлғалар анықталды. Тексеру жүргізілуде", - дейді департаментте.
Әйел адамның батылдығына тәнті болған желі қолданушылары "Жарайсың!. Ана, әйел деген осындай болады!", "Жүрек жұтқан екен! Өз өмірін қатерге тігіп, төбелесті тоқтатқан. Қазіргі жастардан не күтеріңді білмейің", "Осындай  жағдайға бейжай қарамайтын адамдар көп болса екен!", деп пікір қалдырған. 

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0