Оқиға

Оралда төбелесті тоқтатпақ болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

© AP Photo / Michael ProbstГильза
Гильза - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
33 жастағы ер адам жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Оралда 33 жастағы азамат қала ортасындағы топтық төбелесті аңшы мылтығымен тоқтатты. Ол жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады КТК.
Алайда төбелесті тарқатам деген қару иесі енді қылмыстық жауапкершіліктен оңай құтылмайтын сыңайлы. Қақтығыс қала ортасындағы дәмхана алдында болған. Екі тарап алдымен сөзге келіп, кейін жаға жыртысқан. Сәлден соң мылтық кезенген азамат оқ атқанда, топтасқандар тым-тырақай жан-жаққа қаша жөнеліпті.
Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған. Олар қару кезенген жігітті сабасына түсірді.
Полицияның мәліметінше, аңшы мылтығы ресми тіркеуге алынған.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, осы іске қатысы бар адамдарды ұстады. Төбелеске қатысушылар бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Лунара Аманғалиева.
1988 жылы туған азаматқа қатысты қалада оқ атқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0