https://sputnik.kz/20211209/Oral-tobeles-atys-18863507.html
Оралда төбелесті тоқтатпақ болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оралда төбелесті тоқтатпақ болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
33 жастағы ер адам жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T08:43+0500
2021-12-09T08:43+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
төбелес
атыс
https://sputnik.kz/img/1288/91/12889188_0:189:2000:1314_1920x0_80_0_0_02b43e41e0b2b896f0e33df26f94c6a1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Оралда 33 жастағы азамат қала ортасындағы топтық төбелесті аңшы мылтығымен тоқтатты. Ол жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады КТК.Алайда төбелесті тарқатам деген қару иесі енді қылмыстық жауапкершіліктен оңай құтылмайтын сыңайлы. Қақтығыс қала ортасындағы дәмхана алдында болған. Екі тарап алдымен сөзге келіп, кейін жаға жыртысқан. Сәлден соң мылтық кезенген азамат оқ атқанда, топтасқандар тым-тырақай жан-жаққа қаша жөнеліпті.Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған. Олар қару кезенген жігітті сабасына түсірді.Полицияның мәліметінше, аңшы мылтығы ресми тіркеуге алынған."Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, осы іске қатысы бар адамдарды ұстады. Төбелеске қатысушылар бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Лунара Аманғалиева.1988 жылы туған азаматқа қатысты қалада оқ атқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1288/91/12889188_0:2:2000:1502_1920x0_80_0_0_812f9b93fc3c51b5662b59a9164e9c83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төбелес, атыс
Оралда төбелесті тоқтатпақ болған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
08:43 09.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) 33 жастағы ер адам жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Оралда 33 жастағы азамат қала ортасындағы топтық төбелесті аңшы мылтығымен тоқтатты. Ол жанжалдасып жатқан бір топ жігітке қарата оқ атқан. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады
КТК. Алайда төбелесті тарқатам деген қару иесі енді қылмыстық жауапкершіліктен оңай құтылмайтын сыңайлы. Қақтығыс қала ортасындағы дәмхана алдында болған. Екі тарап алдымен сөзге келіп, кейін жаға жыртысқан. Сәлден соң мылтық кезенген азамат оқ атқанда, топтасқандар тым-тырақай жан-жаққа қаша жөнеліпті.
Осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары сау ете қалған. Олар қару кезенген жігітті сабасына түсірді.
Полицияның мәліметінше, аңшы мылтығы ресми тіркеуге алынған.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, осы іске қатысы бар адамдарды ұстады. Төбелеске қатысушылар бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды", - дейді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Лунара Аманғалиева.
1988 жылы туған азаматқа қатысты қалада оқ атқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.