Қоғам

Бюджеттен 28 миллион теңге ұрлаған шенеунік ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2021
Жазылу
Екеуі де қамауға алынып, соттың алдында жауап берді. Олардың бірі 7, екіншісі 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ірі көлемде бюджет қаржысын ұрлаған шенеунік сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, Түркісіб аудандық абаттандыру бөлімінің басшысы "Аstana-Құрылыс ХХI" ЖШС директорымен сөз байласып, бюджет қаржысын жымқырған. Олар алдымен Бас Қарасу өзенінің арнасын абаттандыру бойынша келісімшарт жасасқан. Мердігер осы жұмыста 71 миллион теңгеге бағалады.
Алайда мердігер компанияның басшысы 2019 жылы тамыз бен қыркүйек аралығында аудандық әкімдіктегі лауазымды тұлғаның көмегімен атқарылған жұмыстар туралы актілерге жалған мәлімет енгізіп, 28 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысын ұрлап кеткен.
Екеуі де қамауға алынып, соттың алдында жауап берді. Үкімге сәйкес, бөлім басшысы К.Воропаев 7 жылға, ал "Аstana-Құрылыс ХХI" ЖШС басшысы Е.Исаев 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0