https://sputnik.kz/20211215/kyzylorda-sudy-khatshysy-18904800.html
Қызылордада экс-судья мен хатшысы түрмеге жабылды
Қызылордада экс-судья мен хатшысы түрмеге жабылды
Sputnik Қазақстан
Үкім шығару кезінде екі күдіктінің де кәмелет жасына толмаған балалары бар екені ескерілді 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T14:34+0500
2021-12-15T14:34+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қызылорда
судья
хатшы
түрме
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысындағы Шиелі аудандық сотының бұрынғы судьясы мен оның хатшысы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.10 желтоқсанда Шиелі аудандық сотының судьясы Құрманбай мен оның хатшысы Қыдырәлиеваға қатысты айыптау үкімі шықты. Үкімге сәйкес, судьяға 2 жыл 6 ай және хатшыға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Хатшы Қыдырәлиеваның кәмелет жасына толмаған 4 баласын, соның ішінде емізулі баласы болуына байланысты оның жазасы жеңілдетілді.Бұрынғы судья Құрманбай көрінеу заң бұзатын сот актілерін шығарғаны (Қылмыстық кодекстің 369-бабының 3-бөлімі) және қызмет бабында жалған құжат жасағаны (Қылмыстық кодекстің 418-бабының 1-бөлімі) үшін кінәлі деп танылды. Қыдырәлиева қылмыстық әрекетті орындауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды."Құрманбай нақты сот отырыстарын өткізбестен, сондай-ақ жалған мәліметтер енгізу арқылы 12 азамматтық іс (тұрғын үйлер мен ер телімдерін сату-сатып алу келісімшарттарын мойындау туралы) бойынша шешім шығарған. Сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары болуын сот жазаны жеңілдететін жағдай деп танып, соған байланысты Құрманбайдың жазасы 5 жылдан 2,6 жылға, Қыдырәлиеваныкі 4 жылдан 2 жылға қысқартылды", - деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.Екеуі де мемлекеттік қызмет саласында қызметке тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылды. Құрманбай сот залында қамауға алынды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.Оқи отырыңыз:
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, судья, хатшы, түрме
қызылорда, судья, хатшы, түрме
Қызылордада экс-судья мен хатшысы түрмеге жабылды
14:34 15.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Үкім шығару кезінде екі күдіктінің де кәмелет жасына толмаған балалары бар екені ескерілді
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда облысындағы Шиелі аудандық сотының бұрынғы судьясы мен оның хатшысы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
10 желтоқсанда Шиелі аудандық сотының судьясы Құрманбай мен оның хатшысы Қыдырәлиеваға қатысты айыптау үкімі шықты. Үкімге сәйкес, судьяға 2 жыл 6 ай және хатшыға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Хатшы Қыдырәлиеваның кәмелет жасына толмаған 4 баласын, соның ішінде емізулі баласы болуына байланысты оның жазасы жеңілдетілді.
Бұрынғы судья Құрманбай көрінеу заң бұзатын сот актілерін шығарғаны (Қылмыстық кодекстің 369-бабының 3-бөлімі) және қызмет бабында жалған құжат жасағаны (Қылмыстық кодекстің 418-бабының 1-бөлімі) үшін кінәлі деп танылды. Қыдырәлиева қылмыстық әрекетті орындауға көмектескені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Құрманбай нақты сот отырыстарын өткізбестен, сондай-ақ жалған мәліметтер енгізу арқылы 12 азамматтық іс (тұрғын үйлер мен ер телімдерін сату-сатып алу келісімшарттарын мойындау туралы) бойынша шешім шығарған. Сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары болуын сот жазаны жеңілдететін жағдай деп танып, соған байланысты Құрманбайдың жазасы 5 жылдан 2,6 жылға, Қыдырәлиеваныкі 4 жылдан 2 жылға қысқартылды", - деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Екеуі де мемлекеттік қызмет саласында қызметке тағайындалу құқығынан өмір бойына айырылды. Құрманбай сот залында қамауға алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.