https://sputnik.kz/20211223/Almatyda-25-zhukti-ayel-qaytys-boldy-18966571.html
Алматыда жыл басынан бері 25 жүкті әйел қайтыс болды
Алматыда жыл басынан бері 25 жүкті әйел қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
COVID-19 инфекциясына қатысты өлімнің негізгі бөлігі тамыз-қыркүйекте аурушаңдық артқан кезде тіркелген 23.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-23T13:58+0500
2021-12-23T13:58+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/07e5/09/15/18189596_96:0:2304:1242_1920x0_80_0_0_03896b9fb1b1ec218c59a0125db7bc93.jpg
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада жыл басынан бері қанша жүкті әйелдің қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, бір жылда 25 әйел қайтыс болған. Оның ішінде 19 әйелдің өліміне коронавирусқа байланысты асқынулар себеп болды.Табынбаев COVID-19 инфекциясына қатысты өлімнің негізгі бөлігі тамыз-қыркүйекте аурушаңдық артқан кезде тіркелгенін айтты.Ал қалған алты жағдайдың бірінде акушерлік патология, екі жағдайда онкологиялық ауру, бір жағдайда гепатит және қалған екі жағдайда туа біткен аурулар себеп болған.Сонымен қатар ол ана өлімі мәселесіне қаланың қоғамдық денсаулық басқармасы ғана емес, денсаулық сақтау министрлігі де ерекше көңіл бөлетінін, әр өлім бойынша арнайы комиссия тексеріс жүргізетінін айтты."Әрбір жағдай егжей-тегжейлі талданады және комиссия құрамына алматылық емес сарапшылар енгізіледі. Олар денсаулық сақтау министрлігінің сапаны бақылау комитетінен тартылады. Жалпы Қазақстанның түкпір-түкпірінен сарапшылар қатысады", - деді Табынбаев.Оқи отырыңыз: Алматыда Pfizer вакцинасын салдырған 11 әйел босанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/15/18189596_372:0:2028:1242_1920x0_80_0_0_eb4d236dd3b9353a7785a77324e5a792.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алматыда жыл басынан бері 25 жүкті әйел қайтыс болды
13:58 23.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) COVID-19 инфекциясына қатысты өлімнің негізгі бөлігі тамыз-қыркүйекте аурушаңдық артқан кезде тіркелген
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қалада жыл басынан бері қанша жүкті әйелдің қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, бір жылда 25 әйел қайтыс болған. Оның ішінде 19 әйелдің өліміне коронавирусқа байланысты асқынулар себеп болды.
Табынбаев COVID-19 инфекциясына қатысты өлімнің негізгі бөлігі тамыз-қыркүйекте аурушаңдық артқан кезде тіркелгенін айтты.
"Өкінішке қарай, жүкті әйелдер ағзасының ерекшелігіне байланысты оларда ауру жылдам өтеді. Жалпы жағдайы, бұрыннан келе жатқан сырқатының барлығы пневмонияға байланысты асқынуларға алып келеді", - деп нақтылады Нариман Табынбаев.
Ал қалған алты жағдайдың бірінде акушерлік патология, екі жағдайда онкологиялық ауру, бір жағдайда гепатит және қалған екі жағдайда туа біткен аурулар себеп болған.
Сонымен қатар ол ана өлімі мәселесіне қаланың қоғамдық денсаулық басқармасы ғана емес, денсаулық сақтау министрлігі де ерекше көңіл бөлетінін, әр өлім бойынша арнайы комиссия тексеріс жүргізетінін айтты.
"Әрбір жағдай егжей-тегжейлі талданады және комиссия құрамына алматылық емес сарапшылар енгізіледі. Олар денсаулық сақтау министрлігінің сапаны бақылау комитетінен тартылады. Жалпы Қазақстанның түкпір-түкпірінен сарапшылар қатысады", - деді Табынбаев.