Өңірлер

Pfizer вакцинасын салдырған 11 әйел босанды

© AP Photo / Arnulfo FrancoМедик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса
Медик в защитном костюме набирает в шприц вакцину от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Жазылу
Pfizer вакцинасын салдырған әйелден туған балада ешқандай туа біткен ауру анықталмады
АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Алматыда Pfizer вакцинасын салдырған 11 әйел босанды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жүкті әйелдердің коронавирусқа қарсы вакцина алуы – үлкен жауапкершілік. Бұл Америкада басталды, қауіпсіздігі дәлелденгеннен кейін Қазақстанда да жүкті әйелдерге вакцина салына бастады. Pfizer вакцинасын салдырған әйелден туған балада ешқандай туа біткен ауру анықталмады. Әйелден қан арқылы баласына қандай да бір мөлшерде антидене берілетіні белгілі болды. Вакцина ананы ғана емес, жаңа туған сәбиді де қорғайтыны дәлелденді", - дейді Табынбаев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ревакцинациядан қанша адам өтті 
Алайда балада анасы арқылы қалыптасқан антидененің қанша уақытқа дейін күшінде болатыны белгісіз.
"Ол қашанға дейін жарайды? Үш ай, бес ай, бір жылға дейін бе, ол әлі тексеріліп жатыр. Ғылыми зерттеу бойынша күші 3-4 айға дейін сақталады деген болжам бар. Зерттеулер жалғасып жатыр", - деді ол.
Нариман Табынбаев Алматыда вакцина салдырған әйелдердің босанғаннан кейінгі жағдайы жақсы екенін айтты.
"Алматы бойынша Pfizer вакцинасын салдырған 11 әйел босанды. Анасы вакцина салдырмаған әйелдің баласынан ешқандай айырмашылық жоқ. Балалардан қандай да бір ауру байқалмады. Енді балада антидене мөлшерін білу үшін ата-анасының рұқсаты керек", - деді басқарма басшысы.
Табынбаев жүкті әйелдердің вакцина салдыруы өзі үшін де, бала үшін де қауіпсіз деп түйіндеді.
Жаңалықтар
0