Экономика

"Самұрық-Қазына" басшысы АЭС үшін тиімді жерді атады

© Photo : pixabay / mhollaenАЭС
АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Қазіргі кезде атом электр станциясына қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардан бірнеше ұсыныс түсіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев атом электр станциясын Алматы облысында салудың тиімді тұсын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Үлкен кенті ең ыңғайлы жер, ұлттық электр желілер топографиясы тұрғысынан тиімді алаң болып саналады. Ол жерде 500 киловольттық тармақталған желілер бар, Оңтүстік-ГРЭСС 500 қосалқы станциясы да орналасқан. Ал базалық қуат көздерін орналастырудың арқасында Солтүстік-Оңтүстік бағытында электр энергиясының тұрақты транзитін жасауға болады. Орталық Қазақстанға – Қарағандыға да, Солтүстік-Оңтүстік транзитімен оңтүстік өңірлерге де энергияны қайта бөлуге ыңғайлы", - деді Сатқалиев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қазіргі кезде атом электр станциясына қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардан бірнеше ұсыныс түсіп тұр.
"Ресей, Қытай мен Франциядан, сонымен қатар америкалық өндірушілерден екі ұсыныс түсті. Біз шешім қабылдағанда технологиялардың қауіпсіздігін, соның негізінде қанша атом реакторлары салынды, бағасы және тағы басқа мәселелерді ескеретін боламыз. АЭС-ке қажетті отынды Қазақстанда шығару жайын да қараймыз", - деп атап өтті қор басшысы.
Сондай-ақ, қазақстандық ресурстарды пайдалануға басымдық беріледі. Соның ішінде отын таблеткаларының өндірісі және АЭС-ке қажетті басқа да құрал-жабдықтар бар.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0