14:57 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2403 0 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та елде АЭС салу қажеттілігі туралы бірнеше рет айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елде атом электр станциясы салынатынын айтты.

"Қазақстан атом электр станциясын салатын болады. Ол үшін мердігер мен технологияны таңдау қажет. Қазір Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея мен америкалық компания құрылыс жүргізуге ниет білдіріп отыр. Оны қай жерде салуға болатынын қарастырып жатырмыз", - деді Назарбаев Оливер Стоунның "Qazaq: history of the golden man" деректі фильміне берген сұхбатында.

Назарбаев атом электр станциясы Қазақстанға энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін қажет екенін атап өтті.

"Қазіргі күні бізде электр энергиясында тапшылық жоқ. Керісінше артық. Мұнай, газ бен көмір өндіретін елміз. Алайда атом электр станциясының құрылысы 7-8 жыл жүргізілетіндіктен, ол кезге дейін тапшылық туындауы мүмкін", - деді ол. 

Ол сонымен қатар АЭС құрылысын Ресей жүргізгісі келетінін және Қазақстанның басқа елмен келісім жасап жатпағанын жиі сұрайтынын атап өтті.

"Бұл жөнінде арнайы комиссия бар. Сол комиссия станцияны қай жерде және қашан салынатынын шешеді. Қазір бұл нөмір бірінші мәселе емес. Дегенмен біз АЭС салатын боламыз", - деді ол.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та елде АЭС салу қажеттілігі туралы бірнеше рет айтқан болатын.

"Өз басым бұл мәселені нақты қарастыратын кез келді деп санаймын. Өйткені Қазақстанға атом стансасы қажет", - деді Тоқаев Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумында.

Президент өз жолдауында Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеуді тапсырғанын еске салды.

Оқи отырыңыз: 

Кілт сөздер:
Назарбаев, фильм
Загрузка...

Басты тақырып