https://sputnik.kz/20211222/Chelyabinsk-gaz-zharyldy-video-18951330.html
Челябинск облысында газ құбыры жарылды – видео
Челябинск облысында газ құбыры жарылды – видео
Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірушілер құбырдағы қалған газ қашан жанып таусылатынын күтіп отыр 22.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-22T08:56+0500
2021-12-22T08:56+0500
2022-02-02T09:48+0500
ресейде
әлем
ресей
газ құбыры
жарылыс
видео
https://sputnik.kz/img/old/981/88/9818889_0:217:3076:1956_1920x0_80_0_0_0ef5c6dcb4d80cff0edc9be3da8f4060.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Челябинск облысында газ құбыры жарылды, деп жазды Mash телеграм-арнасы.Оқыс оқиға Чебаркуль қаласына жақын маңда М5 Уфа – Челябинск тас жолында болды.Өрт сөндірушілер газ құбырындағы шүмектерді жауып, құбырдағы барлық газдың жанып бітуін күтіп отыр.Желіде лаулап жанған газдың видеосы тарады. Өте жоғары көтерілген өрт бағаны оқиға орнынан бірнеше километр қашықтықтан көрініп тұр.Кейінірек оқиғаның мән-жайы анықталды: жарылыс бір метр тереңдікте жатқан жоғары қысымды магистральді жерасты газ құбырының бұрылысында болған.Оқиға орнынан екі километр қашықтықта орналасқан елді мекенге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті уақыт бойынша сағат жеті шамасында өрт толық сөндірілді, деп жазды РИА Новости.Осыған ұқсас жағдай биыл сәуірде Башқұртстанда болған. Газ құбыры тұрғын үйлерге жақын маңайда таңғы уақытта жарылды.Оқи отырыңыз:
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/981/88/9818889_0:115:3076:2048_1920x0_80_0_0_63a04f6de0827a5001c36309ce0c64a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресейде, ресей, газ құбыры, жарылыс
ресейде, ресей, газ құбыры, жарылыс
Челябинск облысында газ құбыры жарылды – видео
08:56 22.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Өрт сөндірушілер құбырдағы қалған газ қашан жанып таусылатынын күтіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Челябинск облысында газ құбыры жарылды, деп жазды Mash телеграм-арнасы.
Оқыс оқиға Чебаркуль қаласына жақын маңда М5 Уфа – Челябинск тас жолында болды.
Өрт сөндірушілер газ құбырындағы шүмектерді жауып, құбырдағы барлық газдың жанып бітуін күтіп отыр.
Желіде лаулап жанған газдың видеосы тарады. Өте жоғары көтерілген өрт бағаны оқиға орнынан бірнеше километр қашықтықтан көрініп тұр.
Кейінірек оқиғаның мән-жайы анықталды: жарылыс бір метр тереңдікте жатқан жоғары қысымды магистральді жерасты газ құбырының бұрылысында болған.
Оқиға орнынан екі километр қашықтықта орналасқан елді мекенге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жергілікті уақыт бойынша сағат жеті шамасында өрт толық сөндірілді, деп жазды
РИА Новости.
Осыған ұқсас жағдай биыл сәуірде Башқұртстанда болған. Газ құбыры тұрғын үйлерге жақын маңайда таңғы уақытта жарылды.