Видео

Газ баллонын қалай қауіпсіз қолдануға болады – видео

Жазылу
Биыл республика бойынша әлеуметтік нысандарда 55 рет газ-ауа қоспасы жарылған. 86 адам жарақат алып, жиырма бірі көз жұмды
Жуықта өткен брифингте төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев газ баллондарының жарылу себептерін айтқан болатын. 
Оның айтуынша, елімізде ескі және мерзімі өтіп кеткен баллондар көп. Соның барлығы тіркелмеген. Тұтынушылардың көбісі сонау кеңес заманынан қалған баллондарды пайдаланып, жақын тұрған автогаз станцияларында толтырып отырады. Бірақ заң бойынша ондай жерде газ толтыруға болмайды.
Газ баллондарын арнайы компанияларда толтыру қажет. Себебі ол жерде қауіпсіздік шаралары сақталады.
Мәселен, баллонға газдың 80 процентін ғана құю қажет. Газ таратушы компаниядан алу соны өлшеп тұруға мүмкіндік бар.
Сондай-ақ, 2 қабаттан жоғары қабатты тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдалануға болмайды.
Газ баллоны салдарына болатын қайғы жағдайға орын бермеу үшін оны пайдалану ережесін қатаң сақтау қажет. Газ баллонының қаувіпсіздігін қамтамасыз ету ержелерімен Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті дайындаған бейнематериалда танысыңыз.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0