https://sputnik.kz/20211221/sudya-kabinet-tintu-18945154.html
Судьяның кабинетінде тінту жүргізілді – Жоғарғы сот ақпаратты растады
Судьяның кабинетінде тінту жүргізілді – Жоғарғы сот ақпаратты растады
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкердің өтінішін орындай алмай, ақшаны қайтаруға шешім қабылдаған. Судья мен кәсіпкердің арасында екі делдал болған 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T14:50+0500
2021-12-21T14:50+0500
2023-08-09T10:07+0500
оқиға
судья
тінту
жоғарғы сот
https://sputnik.kz/img/909/19/9091900_34:0:2438:1352_1920x0_80_0_0_08f881ddf3c38830ce8f21b2d7a90458.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Жоғарғы сот аппараты жетекшісінің орынбасары Елдос Жұмақсанов бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірге Алматы облысы бойынша экономикалық сот судьясының қызметтік кабинетінде тінту жүргізді. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ", - деп жазды Жұмақсанов әлеуметтік желідегі парақшасында.Айта кетері, "Время" газетінің 20 желтоқсандағы санында Алматы облысы бойынша экономикалық соттың судьясы Алмагүл Түменбаеваның 1,5 миллион теңге пара алғаны туралы ақпарат шықты. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімі оның кабинетінде тінту жүргізді.Судья екі кәсіпкердің дау-дамайын қарап, арыз берушінің пайдасына шешім шығарған. Ал апелляциялық инстанцияда үкімді өзгеріссіз қалдыру үшін ірі көлемде пара алған. Бірақ кәсіпкердің өтінішін орындай алмай, ақшаны қайтаруға шешім қабылдады. Судья мен кәсіпкердің арасында екі делдал болған.Олар бизнесменнен 3 миллион теңге алып, судьяға жартысын ғана берген. Параны қайтару кезінде қолға түсті. Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Судья мен кәсіпкер қамауға алынған жоқ.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/909/19/9091900_334:0:2137:1352_1920x0_80_0_0_ffdcb2f2e27ac6eb67d19d0d87d2ce5c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
судья, тінту, жоғарғы сот
судья, тінту, жоғарғы сот
Судьяның кабинетінде тінту жүргізілді – Жоғарғы сот ақпаратты растады
14:50 21.12.2021 (жаңартылды: 10:07 09.08.2023) Кәсіпкердің өтінішін орындай алмай, ақшаны қайтаруға шешім қабылдаған. Судья мен кәсіпкердің арасында екі делдал болған
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Жоғарғы сот аппараты жетекшісінің орынбасары Елдос Жұмақсанов бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты растады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірге Алматы облысы бойынша экономикалық сот судьясының қызметтік кабинетінде тінту жүргізді. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жариялауға рұқсат жоқ", - деп жазды Жұмақсанов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетері, "Время" газетінің 20 желтоқсандағы санында Алматы облысы бойынша экономикалық соттың судьясы Алмагүл Түменбаеваның 1,5 миллион теңге пара алғаны туралы ақпарат шықты. Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімі оның кабинетінде тінту жүргізді.
Судья екі кәсіпкердің дау-дамайын қарап, арыз берушінің пайдасына шешім шығарған. Ал апелляциялық инстанцияда үкімді өзгеріссіз қалдыру үшін ірі көлемде пара алған. Бірақ кәсіпкердің өтінішін орындай алмай, ақшаны қайтаруға шешім қабылдады. Судья мен кәсіпкердің арасында екі делдал болған.
Олар бизнесменнен 3 миллион теңге алып, судьяға жартысын ғана берген. Параны қайтару кезінде қолға түсті. Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Судья мен кәсіпкер қамауға алынған жоқ.