https://sputnik.kz/20211221/aqsh-nato-resey-18947732.html
АҚШ пен НАТО Ресей бастамасын қабылдай ма
АҚШ пен НАТО Ресей бастамасын қабылдай ма
Sputnik Қазақстан
Егер АҚШ пен НАТО орыстардың бейбіт бастамасынан бас тартқан жағдайда Ресейдің қорғаныс жүйесіне төнген қауіпке қарсы әрекет ету мақсатында басқа... 21.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-21T21:56+0500
2021-12-21T21:56+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
https://sputnik.kz/img/1274/82/12748207_0:0:3259:1833_1920x0_80_0_0_2a98acfcd99e303b99fb8d4635feda6d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің бүкіл әлем алдында жариялаған бейбіт бастамаларына қатысты Батыс әлі нақты жауап қайтарған жоқ. Ұсыныстың маңыздылығы және теңдесі жоқ екеніне қарамастан, батыстағы (әсіресе, еуропалық) масс-медиа да үнсіздік танытып отыр.Неміс саясаттанушысы Александр Рардың айтуынша, Еуропадағы бірде-бір БАҚ Мәскеу ұсынған келісімшарт жобаларын жариялауға дауаламай отыр, деп жазды РИА Новости.Кремльдің барлық іс-қимылын жіті бақылауда ұстап отырған кей сарапшылардың пікіріне қарасақ, олар Мәскеудің жария ұсынысынан есеңгіреп қалған сыңайлы. Себебі соңғы 30 жылда батыстағылар үшін одақтастардың қатаң әрі батыл сөйлесуі үйреншікті жағдай емес еді.Ресей ұсынысын өз қауымына жария ету батыстағылар үшін деэскалация және қарудан бас тартуға, әлемді ядролық соғыстан алшақтатуға алып келеді. Сондықтан мұны жеткізу оңай болмай тұр. Оның үстіне барлық дүниені өз атымен атау Ресейдің табиғи агрессивтілігін айқындайтын әдеттегі ұстанымды жоққа шығарады. Сол себепті бейбіт бастаманы ешқандай жағдайда да бейбіт бастама деп атауға болмайды. Кейбір шетелдік БАҚ-тың "талаптар" және "ультиматум" сөздерін қолдануы да осы себепті. Өйткені осы терминдер арқылы Ресейдің бейбіт ұсынысын қоқан-лоқы немесе қауіп ретінде сипаттауға болады.Мысалы, Германияның DW мемлекеттік ақпарат агенттігі бұл жаңалықты "Ресей НАТО-дан Шығыс Еуропадан кетуді талап етті" деген тақырыппен жариялады. Егер немістер Ресей сыртқы істер министрлігі ұсынған келісімшарт жобасын мұқият оқыған болса, онда орыстардың ұсынысы НАТО-ның кетуін емес, оның аумағын кеңейтпеуін қарастыратынын түсінер еді.АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфолдың реакциясына қарағанда, ол да ештеңе түсінбеген сыңай танытты: Ресей Шығыс Еуропадағы жағдайды қазіргі күйде қалдыруды, әскери инфрақұрылымды бір-біріне қауіпті деңгейде жақындатпауды ұсынып отыр. Ал америкалық дипломат осыған жауап ретінде Приднестровьеден ресейлік әскерді шығаруды, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны мойындағанан қайтарып алуды, "Қырымды Украинаға қайтаруды" талап етті.Әрине, Ресей Америкаға теңіздің арғы бетіндегі барлық базасын жабуды, Солтүстікатлантикалық альянсқа тарауды ұсына алар еді. Бірақ келіссөздер мұндай ақылға қонымсыз деңгейге жетпеуі керек. Бірақ батыс мұндай әдісті жиі қолданып жатқаны жасырын емес.Батыстағы журналистер мен аналитиктердің бірінші реакциясына қарап, ресейлік бастаманы толық зерттеудің орнына оны елемеу немесе шектен тыс талап ретінде таныстыру әдісін таңдады деп қорытынды жасауға болады. Мысалы, Axios сайты орыстардың ұсынысы туралы былай деп жазды: "Ресей талаптарын сарапшылар тым максималды және тиімсіз деп сипаттап отыр". Одан кейін АҚШ пен НАТО өз мойнына алуы тиісті міндеттемелерді тізіп жазған.АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі Стивен Пайфер де келісімшарт жобаларын дәл осы секілді сипаттады: "Мәскеу ұсынған НАТО – Ресей және АҚШ – Ресей келісімшарт жобалары Батыс үшін тиімсіз талаптарға толы". "Ресей жөніндегі маман" деп танылып жүрген саясаттанушылар, аналитиктер мен сарапшыларддың басым бөлігі осы тектес пікір жазғанын көріп отырмыз. Ал мұның барлығын оқып-көріп отырған америкалықтар орыстарды тағы да АҚШ-ты қыспаққа алған әзірейіл секілді елестететіні анық. Алайда АҚШ және НАТО-мен арадағы жекелеген келісімшарт жобалары өзара тиімді міндеттемелер мен кепілдікті қамтып отыр.Дипломатия тілін түсінбейтіндер ұсынылған құжат мәтінін зер салып оқыса, қазір шетелде насихатталып жатқандай Ресей Батыстан жағдайды одан әрі ушықтырмауды талап етіп қана қоймай, сонымен қатар өз мойнына да бірқатар міндеттеме алып отырғанына көз жеткізе алады.Егер АҚШ пен НАТО орыстардың бейбіт бастамасынан бас тартқан жағдайда Ресейдің қорғаныс жүйесіне төнген қауіпке қарсы әрекет ету мақсатында басқа мемлекеттердің территориясын қарсылық көрсету үшін қолдануға толық моральдік және заңды құқығы бар болады. Ал Ресей өз зымырандары мен ядролық қаруын ынтымақтастық көрсетуге ниет білдірген Беларусь қана емес, басқа да мемлекеттің аумағына орналастыра алады.Жалпы Батыстағылар Ресей тарыпанан болатын барлық әлеуетті қауіпті "Украинаға басып кірумен" байланыстырады. RAND корпорациясындағы "Ресей жөніндегі маман" Сэмюэл Чарап "Дипломатия ымыра мен икемділікті білдіреді. Бұл әдетте жария ультиматум қоюдан бас тартуды қарастырады. Сондықтан ол дипломатия емес, ол дипломатияға қарама-қайшы әреекет" деген пікір білдірді.Бірақ НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс өзіне Украинаның мүше болуын жоққа шығаруға қатысты ешқандай ымыраға келмейтінін мәлімдеді. Чарап логикасына сүйенсек, НАТО мен дипломатия бір-біріне сәйкес келмейтін ұғым болып отыр. Әлде америкалық аналитиктер тек Ресей ымыраға келуі керек деп санай ма?Бірақ бұл аналитиктер Мәскеу ұсынған құжат мәтінін дұрыс оқымаған секілді. Себебі Батыс ұсыныстарды қабылдамаған жағдайда орыстар бір ғана Шығыс жартышармен шектелмейтін кез келген стандарттан тыс әрекетке баруға құқылы болады. Сондықтан Ресей ядролық жүйелерді АҚШ-қа жақын маңайға орналастырса, Америка мен батыстағы БАҚ мұны агрессия ретінде сипаттайтыны анық."Ресей жөніндегі мамандар" жағдайдың қаншалықты ушыққанын, шекті нүктеге жеткенін жете түсінбей отырғаны алаңдатады. Олар қауіп пен қатерге, қоқан-лоқы мен қысымға толы әлем тұрақсыз келетінін түсінбей отыр. Ал үнемі тек бір тарап қана сол қауіпті тоқтаусыз үдете берсе, онда әлем тіпті соғыс табалдырығында тұр деген сөз. Ол адамзат үшін жақсылық алып келмейді.Дәл осы себепті Ресей осы ұстанымнан бас тартып, өзара тиімді ымыраға келуді ұсынып отыр және Батыс Мәскеудің бейбіт бастамасынан бас тартқан жағдайда өзі де қауіп пен қысымға бағытталған әрекетке көшетінін ескертті.
https://sputnik.kz/20211203/Resey-NATO-karu-18823733.html
https://sputnik.kz/20211119/NATO-Ukraina-jospar-18705534.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/82/12748207_101:0:2832:2048_1920x0_80_0_0_48b96efadaa8692dcfa0bf038da19482.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ пен НАТО Ресей бастамасын қабылдай ма
21:56 21.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Егер АҚШ пен НАТО орыстардың бейбіт бастамасынан бас тартқан жағдайда Ресейдің қорғаныс жүйесіне төнген қауіпке қарсы әрекет ету мақсатында басқа мемлекеттердің территориясын қарсылық көрсету үшін қолдануға толық моральдік және заңды құқығы бар болады
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің бүкіл әлем алдында жариялаған бейбіт бастамаларына қатысты Батыс әлі нақты жауап қайтарған жоқ. Ұсыныстың маңыздылығы және теңдесі жоқ екеніне қарамастан, батыстағы (әсіресе, еуропалық) масс-медиа да үнсіздік танытып отыр.
Неміс саясаттанушысы Александр Рардың айтуынша, Еуропадағы бірде-бір БАҚ Мәскеу ұсынған келісімшарт жобаларын жариялауға дауаламай отыр, деп жазды
РИА Новости.
Кремльдің барлық іс-қимылын жіті бақылауда ұстап отырған кей сарапшылардың пікіріне қарасақ, олар Мәскеудің жария ұсынысынан есеңгіреп қалған сыңайлы. Себебі соңғы 30 жылда батыстағылар үшін одақтастардың қатаң әрі батыл сөйлесуі үйреншікті жағдай емес еді.
Ресей ұсынысын өз қауымына жария ету батыстағылар үшін деэскалация және қарудан бас тартуға, әлемді ядролық соғыстан алшақтатуға алып келеді. Сондықтан мұны жеткізу оңай болмай тұр. Оның үстіне барлық дүниені өз атымен атау Ресейдің табиғи агрессивтілігін айқындайтын әдеттегі ұстанымды жоққа шығарады. Сол себепті бейбіт бастаманы ешқандай жағдайда да бейбіт бастама деп атауға болмайды. Кейбір шетелдік БАҚ-тың "талаптар" және "ультиматум" сөздерін қолдануы да осы себепті. Өйткені осы терминдер арқылы Ресейдің бейбіт ұсынысын қоқан-лоқы немесе қауіп ретінде сипаттауға болады.
Мысалы, Германияның DW мемлекеттік ақпарат агенттігі бұл жаңалықты "Ресей НАТО-дан Шығыс Еуропадан кетуді талап етті" деген тақырыппен жариялады. Егер немістер Ресей сыртқы істер министрлігі ұсынған келісімшарт жобасын мұқият оқыған болса, онда орыстардың ұсынысы НАТО-ның кетуін емес, оның аумағын кеңейтпеуін қарастыратынын түсінер еді.
АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфолдың реакциясына қарағанда, ол да ештеңе түсінбеген сыңай танытты: Ресей Шығыс Еуропадағы жағдайды қазіргі күйде қалдыруды, әскери инфрақұрылымды бір-біріне қауіпті деңгейде жақындатпауды ұсынып отыр. Ал америкалық дипломат осыған жауап ретінде Приднестровьеден ресейлік әскерді шығаруды, Оңтүстік Осетия мен Абхазияны мойындағанан қайтарып алуды, "Қырымды Украинаға қайтаруды" талап етті.
Әрине, Ресей Америкаға теңіздің арғы бетіндегі барлық базасын жабуды, Солтүстікатлантикалық альянсқа тарауды ұсына алар еді. Бірақ келіссөздер мұндай ақылға қонымсыз деңгейге жетпеуі керек. Бірақ батыс мұндай әдісті жиі қолданып жатқаны жасырын емес.
Батыстағы журналистер мен аналитиктердің бірінші реакциясына қарап, ресейлік бастаманы толық зерттеудің орнына оны елемеу немесе шектен тыс талап ретінде таныстыру әдісін таңдады деп қорытынды жасауға болады. Мысалы, Axios сайты орыстардың ұсынысы туралы былай деп жазды: "Ресей талаптарын сарапшылар тым максималды және тиімсіз деп сипаттап отыр". Одан кейін АҚШ пен НАТО өз мойнына алуы тиісті міндеттемелерді тізіп жазған.
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі Стивен Пайфер де келісімшарт жобаларын дәл осы секілді сипаттады: "Мәскеу ұсынған НАТО – Ресей және АҚШ – Ресей келісімшарт жобалары Батыс үшін тиімсіз талаптарға толы". "Ресей жөніндегі маман" деп танылып жүрген саясаттанушылар, аналитиктер мен сарапшыларддың басым бөлігі осы тектес пікір жазғанын көріп отырмыз. Ал мұның барлығын оқып-көріп отырған америкалықтар орыстарды тағы да АҚШ-ты қыспаққа алған әзірейіл секілді елестететіні анық. Алайда АҚШ және НАТО-мен арадағы жекелеген келісімшарт жобалары өзара тиімді міндеттемелер мен кепілдікті қамтып отыр.
Дипломатия тілін түсінбейтіндер ұсынылған құжат мәтінін зер салып оқыса, қазір шетелде насихатталып жатқандай Ресей Батыстан жағдайды одан әрі ушықтырмауды талап етіп қана қоймай, сонымен қатар өз мойнына да бірқатар міндеттеме алып отырғанына көз жеткізе алады.
Егер АҚШ пен НАТО орыстардың бейбіт бастамасынан бас тартқан жағдайда Ресейдің қорғаныс жүйесіне төнген қауіпке қарсы әрекет ету мақсатында басқа мемлекеттердің территориясын қарсылық көрсету үшін қолдануға толық моральдік және заңды құқығы бар болады. Ал Ресей өз зымырандары мен ядролық қаруын ынтымақтастық көрсетуге ниет білдірген Беларусь қана емес, басқа да мемлекеттің аумағына орналастыра алады.
Жалпы Батыстағылар Ресей тарыпанан болатын барлық әлеуетті қауіпті "Украинаға басып кірумен" байланыстырады. RAND корпорациясындағы "Ресей жөніндегі маман" Сэмюэл Чарап "Дипломатия ымыра мен икемділікті білдіреді. Бұл әдетте жария ультиматум қоюдан бас тартуды қарастырады. Сондықтан ол дипломатия емес, ол дипломатияға қарама-қайшы әреекет" деген пікір білдірді.
Бірақ НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс өзіне Украинаның мүше болуын жоққа шығаруға қатысты ешқандай ымыраға келмейтінін мәлімдеді. Чарап логикасына сүйенсек, НАТО мен дипломатия бір-біріне сәйкес келмейтін ұғым болып отыр. Әлде америкалық аналитиктер тек Ресей ымыраға келуі керек деп санай ма?
Бірақ бұл аналитиктер Мәскеу ұсынған құжат мәтінін дұрыс оқымаған секілді. Себебі Батыс ұсыныстарды қабылдамаған жағдайда орыстар бір ғана Шығыс жартышармен шектелмейтін кез келген стандарттан тыс әрекетке баруға құқылы болады. Сондықтан Ресей ядролық жүйелерді АҚШ-қа жақын маңайға орналастырса, Америка мен батыстағы БАҚ мұны агрессия ретінде сипаттайтыны анық.
"Ресей жөніндегі мамандар" жағдайдың қаншалықты ушыққанын, шекті нүктеге жеткенін жете түсінбей отырғаны алаңдатады. Олар қауіп пен қатерге, қоқан-лоқы мен қысымға толы әлем тұрақсыз келетінін түсінбей отыр. Ал үнемі тек бір тарап қана сол қауіпті тоқтаусыз үдете берсе, онда әлем тіпті соғыс табалдырығында тұр деген сөз. Ол адамзат үшін жақсылық алып келмейді.
Дәл осы себепті Ресей осы ұстанымнан бас тартып, өзара тиімді ымыраға келуді ұсынып отыр және Батыс Мәскеудің бейбіт бастамасынан бас тартқан жағдайда өзі де қауіп пен қысымға бағытталған әрекетке көшетінін ескертті.