Әлем

НАТО-ның Украинаға қатысты жоспары қандай

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема организации в штаб-квартире НАТО в Брюсселе.
Эмблема организации в штаб-квартире НАТО в Брюсселе. - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.11.2021
Жазылу
НАТО Ресеймен арадағы текетіресте ұпай санын арттыруға кірісті. Ұлыбритания Украинаға жүздеген элиталық сарбазды жіберуге мүдделі

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Альянс елдері Киевке заманауи қару-жарақты да жеткізіп жатыр. Ал ондай белсенділіктің себебі қандай? НАТО нені көздейді? РИА Новости сарапшысы осы мәселелерді зерделеп көрді.

Элиталық армия

The Mirror таблоиды таратқан мәліметке сәйкес, әскерилер билікті "ресейлік қауіптің" бар екенін сендірді. Әне-міне дегенше Ресей танктері шекарадан асып, Киевтен бір-ақ шығады-мыс. Ал Лодон жіберген 600 элиталық сарбаз ол жоспарды тоқтата алады.

Американский эсминец Джон Маккейн, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2021
Әлем
Ресей НАТО-ның Қара теңіздегі әрекетіне қатысты пікір білдірді

Арнайы топтың дені – 16-шы десанттық-шабуылдаушы бригада мен SAS арнайы жасағының сарбаздары. Мәселен, көбісі SAS-ты II Дүниежүзілік соғыстан бері біледі. Соның үлгісінде америкалық "Дельта" сияқты барлық танымал жасақтар құрылған. Ал британдық сарбаздардың басты ерекшелігі сол, олар майдан шебінде емес, тылда барлау жасап, диверсиялар ұйымдастырады.

The Mirror-дың ақпараты бойынша элиталық сарбаздарды Украинаға әлі жіберген жоқ. "Мәскеу басып кірген жағдайда" арнайы жасақты жіберуге бұйрық беріледі. Олар дайын отырған көрінеді.

Ұлыбритания Бас штабының басшысы, генерал Ник Картер де Батыс пен Ресей арасындағы соғыстың аяқ астынан басталып кету ықтималдылығы "жоғары" екенін ашық айтты. Оның айтуынша, қауіпті сәтті жіберіп алмау қажет. Британдықтар ондай риторикаға бір ғана себеп бар дейді. Ол – ресейлік әскерилерді шекараға тарту мәселесі. Алайда Мәскеу оны талай рет түсіндірген. Бұның барлығы – жоспарлы маневрлер. Оқу-жаттығулар егемен елдің шекарасы аясында ұйымдастырылды.

Одақтастар әбден орнығып алды

НАТО одақтастарды қорғаймыз деп, Украинада әбден орнығып алды. Осы елді қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, жақында Киевке сан салуан мақсатта қолданылатын 80 тонна оқ-дәрілер жеткізілді. Бұған дейін АҚШ-тан Island үлгісіндегі екі катер тиелген кеме шыққан болатын. Жақын арада тағы жіберетін шығар.

Ал Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес екі күн бұрын Украинаның қарулы күштерінің мүмкіндіктерін одан ары дамытуға сөз берді.

Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2021
НАТО мен Беларусь қарым-қатынасы қандай

Бүгінде Украинада НАТО-ның бірнеше әскери нысаны бар. Мәселен, Львов облысында Яворовский полигоны бар. Ол жерде Пентагонның инструкторлары Украинаның қарулы күштерінің сарбаздарын оқытады. Ал Николаев облысындағы Очаков қаласында АҚШ-тың теңіз әскері кемелерді басқару бекетін салып тастаған. Америкалықтар қалқымалы док жасап, Крым жағалауына жақын жерде өз кемелерін жөндеуді көздейді.

Британдықтар болса, Одессадан 30 шақырым шалғай жердегі Оңтүстік портын көз салды. Әскери сүңгуірлер судың астын толығымен қарап, әскери-теңіз базасының құрылысына қажетті алдын ала жұмыстарды бастап кетті. Ол жерде Украинаның әскери-теңіз флоты болмайтын сияқты. Лодон Азос теңізінде тура сондай нысанды салып шығуды көздейді.

Украинаның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялған мәліметке сәйкес, Мариупольдің түбінде америкалық мамандар украиндық мергендерді даярлайды. Херсон облысындағы Алешки қаласының жанында диверсанттар, Змейный аралындағы барлау орталығында – барлаушылар мен әскери жүзушілер, ал Михайловка жақта ұшқышсыз аппараттардың операторларын дайындайды.

НАТО-ның үлесі

Киев НАТО-мен арадағы әріптестікті күшейтуді көздейді. Жақында "Халық қызметшісі" партиясының депутаты Олег Дунда қорғаныс министрлігінің мақсатын айтып қалды. Оның сөзіне қарағанда, "Америка Құрама Штаттарын барынша тығыз ынтымақтастыққа тарту қажет".

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Киевтің әскери риторикасы бір ғана мақсатты көздейтінін мәлімдеді. Ол – қару-жарақты көбірек алдырту.

ZN.ua порталында жарияланған мәліметке сәйкес, "оңтүстік-шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне" байланысты Пентагонға өтініш пен тізім жіберілді. Ол тізімде "Гарпун" мен SLAM (Standoff Land Attack Missile) зымырандары бар. Бұған дейін олар Patriot зениттік-зымыран кешенін, F-16 немесе JAS 39 Gripen жойғыш ұшақтары, сондай-ақ, брондалған техниканы сұраған.

Жаңалықтар
0