Өңірлер

Семейде түрлі қаруға арналған оқ-дәрі сақтаған тұрғын ұсталды

© Photo : Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментіПолиция қалтасына бір қорап оқ-дәрі жасырған Семей тұрғынын ұстады
Полиция қалтасына бір қорап оқ-дәрі жасырған Семей тұрғынын ұстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Сараптама қортындысы тәркіленген патрондар оқ атуға жарамды екенін көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқстан – Sputnik. Полиция қалтасына бір қорап оқ-дәрі жасырған Семей тұрғынын ұстады. 
© Photo : Шығыс Қазақстан облыстық полиция депаратаментіСемей тұрғынының қалтасынан оқ-дәрі табылды.
Полиция қалтасына бір қорап оқ-дәрі жасырған Семей тұрғынын ұстады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Семей тұрғынының қалтасынан оқ-дәрі табылды.
Семей қаласының 42 жастағы тұрғынының күртешесінің ішкі қалтасынан 25 патрон салынған пластик қорап табылып, тәркіленді.
"Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген 23 патрон ойық атыс қаруына арналған 5,6 мм калибрлі оқ-дәрілер, Макаров тапаншасына
арналған 9х18 мм калибрлі бір патрон және АК-47 автоматынан атуға арналған 7,62 х 54 мм калибрлі патрон екені анықталды", - делінген ШҚО полиция депратаментінің хабарламасында.
Сараптама қортындысы тәркіленген патрондар оқ атуға жарамды екенін көрсетті. 
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі "Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, осы баптың
санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0