https://sputnik.kz/20211218/Ayaldama-politsiya-9-kudikti-18919455.html
Аялдамада тұрған үш оқушы қыз жарақат алды: полиция 9 күдіктіні ұстады
Аялдамада тұрған үш оқушы қыз жарақат алды: полиция 9 күдіктіні ұстады
Sputnik Қазақстан
Ұсталғандардың біреуі кінәсін мойындады, полиция одан қылмыс құралын тәркіледі 18.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-18T08:50+0500
2021-12-18T08:50+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_0:59:1920:1139_1920x0_80_0_0_be42fd19ddf031b0e31836a5aad97ca0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан - Sputnik. Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Еске сала кетсек, 15 желтоқсанда кешкі сағат 18.00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам ауылында бір топ ер адам жанжалдасып, қару қолданған. Салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім оқтың ұшқынынан жарақат алды.Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігі бойынша (Адам өлтіруге оқталу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.Оқи отырыңыз: Бейтаныс адаммен кеткен: Ресейде жоғалған қыздардың денесі қараусыз қалған үйден табылдыПолиция қызметкерлері ізін суытпай 8 күдіктіні анықтап, ұстады. Бұдан бөлек, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде оқ атқан негізгі күдікті құрықталды. Ол кінәсін мойындады. Тәртіп сақшылары одан қылмыс құралын тәркіледі.9 күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалып, олар қамауға алынды. Тиісті сот сараптамалары белгіленді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген. Олардың біреуі сол күні қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі кезде жасөспірімдердің жағдайы тұрақты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_170:0:1877:1280_1920x0_80_0_0_63ec432067c137409ca7fed6d72da413.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Аялдамада тұрған үш оқушы қыз жарақат алды: полиция 9 күдіктіні ұстады
08:50 18.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ұсталғандардың біреуі кінәсін мойындады, полиция одан қылмыс құралын тәркіледі
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан - Sputnik. Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Еске сала кетсек, 15 желтоқсанда кешкі сағат 18.00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам ауылында бір топ ер адам жанжалдасып, қару қолданған. Салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім оқтың ұшқынынан жарақат алды.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігі бойынша (Адам өлтіруге оқталу) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Полиция қызметкерлері ізін суытпай 8 күдіктіні анықтап, ұстады. Бұдан бөлек, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде оқ атқан негізгі күдікті құрықталды. Ол кінәсін мойындады. Тәртіп сақшылары одан қылмыс құралын тәркіледі.
9 күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалып, олар қамауға алынды. Тиісті сот сараптамалары белгіленді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген. Олардың біреуі сол күні қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі кезде жасөспірімдердің жағдайы тұрақты.