Оқиға

Ақтауда көлік әйел мен бес жастағы қызды қағып кетті – видео

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуПешеходы
Пешеходы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Ақтау полиция департаментіне жол апаты туралы хабарлама 23.45-те келіп түскен
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқстан – Sputnik. Ақтауда көлік әйел мен бес жастағы баланы қағып кетті.
Оқиға, кеше, 20 желтоқсанда 16 және 19 шағын аудан арасындағы жолда болған.
Ақтау полиция департаментіне жол апаты туралы хабарлама 23.45-те келіп түскен.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, "Toyota Land Cruiser" жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан әйел мен баланы қағып өтті.
"29 жастағы әйел алған жарақаттан оқиға болған жерде көз жұмды. Бес жастағы қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Алайда бала ес жимастан ауруханада қайтыс болды", - делінген полиция хабарламасында.
Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 4-баба 345-бөлімі (Көлік жүргізушінің жол ережесін бұзуы) бойынша іс қозғалды.
Аталған бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау излояторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0