Оқиға

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды – 11 адам ауруханаға жеткізілді

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2021
Жазылу
Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жол апатынан зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілгенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Жол апаты 18 желтоқсан күні кешкі сағат 18:30-да Доссор – Күлсары тас жолында Доссор ауылына жақын жерде болған. Volkswagen Sharan мен Ravon көліктері бетпе-бет соқтығысады. Бір көліктен түтін шыға бастаған.
"Бірақ автомобиль жанған жоқ. Тас жолының бойында қызмет атқарып жүрген медициналық құтқару бекетінің мамандары жарақат алған 11 адамды Доссор ауылының ауруханасына жеткізді", - дейді құтқарушылар.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем мен полицейлер барды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірше облыстық денсаулық сақтау басқармасы да, полиция департаменті де толық ақпарат бермей отыр.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0