https://sputnik.kz/20211220/ultshyldar-Resey-Ertisbaev-18939509.html
Ұлтшылдардың сөзі Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын бұзбайды – Ертісбаев
Ұлтшылдардың сөзі Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын бұзбайды – Ертісбаев
Sputnik Қазақстан
Саясаттанушы Қазақстанның тәуелсіздік алуында Ресеймен арадағы бейбіт қарым-қатынастың пайдас көп болғанын айтты 20.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-20T18:09+0500
2021-12-20T18:09+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/14/18938404_0:1:3067:1736_1920x0_80_0_0_a7f1ba82decc0e9e495f8eb4c9c3b4ca.jpg
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Кей саясаткердің сөздері Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты бұза алмайды, деп мәлімдеді Қазақстанның тұңғыш президентінің экс-кеңесшісі, саясат ғылымдарының докторы Ермұхамет Ертісбаев."Жеке саясаткерлердің ешқандай "шабуылы" – Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының екі-үш депутаты болды, бізде де ұлтшылдар бар... Кез келген елде ұлтшылдыққа, тіпті ксенофобияға бейім халықтың белгілі бір бөлігі болады. Олар бір-біріне қатысты ойланбастан мәлімдемелер жасайды", - деді Ертісбаев Sputnik мультимедиялық баспасөз орталығында "Ресей-Қазақстан диалогы: стратегиялық серіктестік кезеңдері" тақырыбындағы бейнекөпір барысында.Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейді "көп нәрсе біріктіреді" және оларды ажырататын ештеңе жоқ."Менің ойымша, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен пайда болуында Ресей мен Қазақстанның тату көршілік және оң қарым-қатынасы өте үлкен рөл атқарды. Олар жылы, сенімді қатынасқа ие. Мен алдағы 10-20 жылға позитивті қараймын, осылай жалғасады", - деді Ертісбаев.Ресей Қазақстанмен одақтастық қатынастарды бағалайды, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Мәскеуде Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөз барысында."Біз әрқашан бауырлас халықтарымыздың тарихи достығына сүйенетін Қазақстанмен одақтастық қарым-қатынасымызды бағалайтынымызды айтамыз. Екі елдің одақтастығы кеңейіп келеді. Әрине, бірқатар жаңа бағыттар бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі бар", - деді Ресей премьер-министрі.Дамуды талап ететін сала ішінде ол энергетика, бейбіт атом, тау-кен өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымын атады. Сондай-ақ, Мишустин РФ президенті Владимир Путиннің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтауын жеткізді.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/14/18938404_0:0:3067:1927_1920x0_80_0_0_d0b103da3b68537e783769399af3b19d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ұлтшылдардың сөзі Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын бұзбайды – Ертісбаев
18:09 20.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Саясаттанушы Қазақстанның тәуелсіздік алуында Ресеймен арадағы бейбіт қарым-қатынастың пайдас көп болғанын айтты
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Кей саясаткердің сөздері Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты бұза алмайды, деп мәлімдеді Қазақстанның тұңғыш президентінің экс-кеңесшісі, саясат ғылымдарының докторы Ермұхамет Ертісбаев.
"Жеке саясаткерлердің ешқандай "шабуылы" – Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының екі-үш депутаты болды, бізде де ұлтшылдар бар... Кез келген елде ұлтшылдыққа, тіпті ксенофобияға бейім халықтың белгілі бір бөлігі болады. Олар бір-біріне қатысты ойланбастан мәлімдемелер жасайды", - деді Ертісбаев Sputnik мультимедиялық баспасөз орталығында "Ресей-Қазақстан диалогы: стратегиялық серіктестік кезеңдері" тақырыбындағы бейнекөпір барысында.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейді "көп нәрсе біріктіреді" және оларды ажырататын ештеңе жоқ.
"Менің ойымша, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен пайда болуында Ресей мен Қазақстанның тату көршілік және оң қарым-қатынасы өте үлкен рөл атқарды. Олар жылы, сенімді қатынасқа ие. Мен алдағы 10-20 жылға позитивті қараймын, осылай жалғасады", - деді Ертісбаев.
Ресей Қазақстанмен одақтастық қатынастарды бағалайды, деп мәлімдеді РФ премьер-министрі Михаил Мишустин Мәскеуде Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөз барысында.
"Біз әрқашан бауырлас халықтарымыздың тарихи достығына сүйенетін Қазақстанмен одақтастық қарым-қатынасымызды бағалайтынымызды айтамыз. Екі елдің одақтастығы кеңейіп келеді. Әрине, бірқатар жаңа бағыттар бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі бар", - деді Ресей премьер-министрі.
Дамуды талап ететін сала ішінде ол энергетика, бейбіт атом, тау-кен өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымын атады. Сондай-ақ, Мишустин РФ президенті Владимир Путиннің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтауын жеткізді.