Видео

Назарбаевтың экс-кеңесшісі 30 жылдағы артықшылықтар мен кемшіліктерді атады – видео

Жазылу
Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатыр. КСРО ыдыраған соң, жаңа мемлекеттің қалыптасуына Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ерекше үлес қосты.
Sputnik Қазақстан Елбасының бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтан отыз жыл ішінде республика қалай өзгергенін сұрады.
Ертісбаев бәрі салыстыру арқылы айқындалатынын атап өтті.
"Көптеген мемлекет бірнеше жүз жыл бойы жүріп өтетін жолды Қазақстан 30 жылда жүріп өтті. Біз отыз жыл ішінде мықты мемлекетке ғана емес, әлемдік қауымдастықта беделі жоғары, Біріккен Ұлттар Ұйымының белсенді мүшесі, өте көп халықаралық стратегиялық бағыттардың бастамашысына айналдық. Мен бұл жерде әлемдік форумдар өткізу, екіжақты және басқа да қарым-қатынастарды нығайтуды ғана меңзеп тұрған жоқпын", - деді ол.
Сондай-ақ президенттің бұрынғы кеңесшісі осы жылдарда елде ЖІӨ 2,5 есеге өскенін және бұл посткеңестік кеңістіктегі ең жоғары көрсеткіш екенін мәлімдеді.
Ермұхамет Ертісбаевтың Тәуелсіздіктің отыз жылы жайлы пікірін видеодан тыңдаңыз.
Жаңалықтар
0