Қоғам

Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады

© Sputnik / Артем Житенев / Медиабанкке өтуДети в зимнем парке
Дети в зимнем парке - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылдың 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн демалыс беріледі
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мектептерінде он күннен кейін екінші тоқсан аяқталады. Қысқы демалыс 30 желтоқсанда басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мектептердегі демалыс 2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында 11 күнге жалғасады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірінші сынып оқушылары үшін 2022 жылдың 7-13 ақпан аралығында қосымша 7 күн демалыс беріледі.

2021-2022 оқу жылындағы демалыс күндер

Білім министрлігі 2021-2022 оқу жылына арналған оқу уақытын бекітті:
  • 2021-2022 оқу жылы 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;
  • оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.
  • Оқу жылы ішіндегі демалыс күндері:
  • 1-11 (12) сыныптар күзде 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы),
  • қыста 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін),
  • көктемде 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы) демалады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0