Елорда тынысы

Инкассатор елордадағы банкоматтан қомақты қаржы ұрлады деген күдікке ілінді

© PhotoЧеловек у банкомата
Человек у банкомата - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2021
Жазылу
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған
АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Елордада банкоматтан ірі көлемдегі қаражат ұрлады деген күдікпен инкассатор ұсталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның қылмысқа қызметінен босатылғаннан кейін барғаны анықталды.
Ер адам 27 жаста, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
"Күдікті инкассатор болып жұмыс істеген және терминалға ақша жеткізген. Жұмыстан шыққан кезде банкоматтың бірінің кілтін тапсырмаған. Кешкі уақытта ол супермаркетке келіп, терминалды кілтпен ашып, 3 800 000 теңге көлемінде ақша алған", - деп хабарлады полиция.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0