АСТАНА, 1 қазан — Sputnik. Алматының Сәтбаев көшесінде ірі жол апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, BMW автокөлігі мен инкассаторлық "ГАЗель" Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Осы кезде, жүргізушілер атап өткендей, қарсы беттен Hyundai Accent көлігі келген.
Hyundai BMW-нің бүйірінен соғып кетіп, біраз жүргеннен кейін инкассатор көлігіне ұрылған. Қатты соққыдан "ГАЗелдің" сол жақ доңғалағы шығып кеткен.
Hyundai тағы 30-40 метр жүріп, алдында келе жатқан Nissan Teana-ны соққан. Соққының күшті болғаны соншалық, Nissan қарсы жолаққа шығып, жиектасқа соғылған.
Жол апаты салдарынан Hyundai Accent жүргізушісі зардап шекті. Ол көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Куәгерлердің хабарлауынша, жүргізуші мас болған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін апат орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.