Оқиға

Солтүстік Қазақстанда тас жолда белгісіз біреулер көлікке оқ жаудырды – фото

© Sputnik / Тимур БатыршинТреснутое лобовое стекло автомобиля, архивное фото
Треснутое лобовое стекло автомобиля, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2021
Жазылу
Оқ тиген автокөлік тас жолдан табылды. Көлік құралы облыстық білім сапасын бақылау департаментінде тіркелген 
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тас жол бойында белгісіз біреулер жеңіл көлікке оқ жаудырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН (@dtp_sko)

Әлеуметтік желіде ақ түсті Hyundai Accent-тің фотосы тарады.  Оған жан-жақтан оқ атқаны анық көрініп тұр. Көліктің сау-тамтығы қалмаған. Терезесі, бампері, шамы сынған. Есіктерін де оқ тесіп тастапты. Облыстық полиция департаменті жеңіл көлікке оқ атылғанын растады.
"18 желтоқсан күні сағат 11:00-дің шамасында "Челябі-Новосибирск" тасжолының 635 шақырымында Чистое ауылына жақын жерде Hyundai Accent маркалы көлік анықталды. Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ. Зақымданған жерлері бар. Жүргізуші жақтағы есікке екі рет бытыралы мылтықпен оқ атқан", - дейді полицейлер.
Бірақ жарақат алған адамдар жоқ. Тәртіп сақшылары көліктің иесін анықтады. Ол облыстық білім сапасын бақылау департаментінде тіркелген. Оған Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны жауапты. Оның айтуынша, 17 желтоқсан күні түнгі сағат 22:00-де көлік бұзылып қалған. Ол мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып, көлікті жол жиегінде қалдырып кеткен. Полицейлер бұл ақпаратты тексеріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жүкті әйел отырған "жедел жәрдемге" оқ атты деген күдікті анықталды 
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-тармағы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқ атқан адамдар іздестіріліп жатыр.
Жаңалықтар
0