Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда бас шырша қашан жағылатыны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневНовогодние игрушки на елке
Новогодние игрушки на елке - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2021
Жазылу
Дәстүр бойынша елдің бас шыршасын ЭКСПО-2017 халықаралық көрме аумағына орналастырады
НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Биіктігі 25 метр болатын еліміздің бас шыршасын салтанатты түрде жағу шарасы жексенбі, 19 желтоқсанға жоспарланып отыр.
Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпарат бойынша шыршаны жағу ЭКСПО аумағында, "Нұр Әлем" шарының жанында жексенбі сағат 19.00-де өтеді.
"Іс-шараның ресми бөлігінен кейін қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылады. Сахнада танымал эстрада әншілері мен бас қаланың жас музыканттары өнер көрсетеді. Олардың арасында Маржан Арапбаева, Дос, Ринат Малцагов бар. Сонымен қатар мерекелік іс-шараға Жаңа жылдың бас кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар қатысады", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Салтанатты шараға кез келген адам қатыса алады. Алайда астаналықтар мен бас қала тұрғындарынан арақашықтық пен бетперде тағу бойынша санитарлық нормаларды қатаң ұстану талап етіледі.
Оқи отырыңыз: Жаңа жыл қарсаңында қандай зодиак белгілері табысқа кенеледі
Жаңалықтар
0