Қоғам

Жаңа жыл қарсаңында қандай зодиак белгілері табысқа кенеледі

© Public Domainастрология, гороскоп
астрология, гороскоп - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Астрологтар бес зодиак белгісіндегі адамдарға желтоқсан айының соңында пайда түсіп, бюджеті толығатынын айтып отыр
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Желтоқсанның соңы бес зодиак белгісіндегі адамдар үшін қаржылық жағынан өте табысты болады.
Олар кірісін арттырады және сол деңгейді келесі айдың басында да сақтап қалуы мүмкін. Бұл туралы Белновости хабарлады.

Кімнің қалтасы қалыңдайды

Тоқты
Желтоқсанның үшінші онкүндігінде келген ақша Тоқтылар үшін жағымды тосынсый болады. Олар қомақты қаражат келеді деп ойламайды. Алайда келіссөз жүргізу дағдысының арқасында қалтасы қалыңдайды. 
Тоқтыларды уағдаласу нәтижесінде жақсы сыйақы күтеді, сондай-ақ лотереяда ақша ұтып алу немесе мұра алу мүмкіндігі бар.
Егіздер
Егіздердің де айы оңынан туады. Олардың көпшілігі айдың аяғында ескі қарызын қайтарып алады, сондай-ай қосымша ақша табу мүмкіндігі беріледі.
Егіздер жұмыстан бас тартпайды, тіпті, жақсы жұмысқа ауысатындары да бар. Көпшілігі арнайы сайттарда бос жұмыс орындарын іздейді немесе газет арқылы іздеуге кіріседі. Жұмысты ауыстыру олар үшін қиындық тудырмайды. Себебі олар қай жерде жалақы көп төлесе, сол жаққа баруға дайын.
Арыстан
Арыстандар да қомақты қаржыдан дәмелі. Желтоқсанның үшінші онкүндігінде оларға қосымша табыс көзі табылады немесе лайықты сыйақы беріледі.
Көптеген Арыстан бұрын салынған инвестиция есебінен пайда көреді. Әсіресе, олар жалға беретін жылжымайтын мүліктен табыс алады. Сондай-ақ, қандай да бір бағалы сыйлық күтуге болады.
Таразы
Таразылардың да бюджеті артады. Олар, негізінен, жалақының артуы есебінен айтарлықтай қаржы алады.
Сондай-ақ, жыл бойы жұмыстан қашпай, жақсы қызмет еткені үшін сыйақы берілуі мүмкін. Үстеме жұмыс немесе демалыс күндері жұмыс істегені үшін де жалақы артады. Назар аудару қажет бір жайт – ақша көп болса да, қарызға бермеу. Себебі қарызын қайтара алмауы әбден мүмкін.
Тауешкі
Тауешкі үшін ақша ағымы 20 желтоқсанда артады. Олар өзі үшін көптеген табыс көзін ашады.
Кейбірі өзі әуестенетін істен ақша табады. Негізінен, тауешкілер бұрыннан бері жиған, бірақ қандай да бір себеппен пайдаланбаған білімі мен дағдысын кәдеге жаратады. Енді олар қалтаны қалыңдатуға көмектеседі.
Балықтар
Табыс Балықтарды да айналып өтпейді, ең алдымен, бағалы қағаз бен банк салымынан ақша таба алады. Бұл зодиак белгісіндегі ақылды адамдар біраз уақыт бұрын инвестиция жасаған, енді соның жемісін көретін уақыт жетті.
Дүниежүзілік интернет желісі арқылы қашықтан жұмыс істеу Балықтар үшін жақсы көмек болады. Мұнда абай болуы керек, өйткені алаяқтар оңай алдап кетуі мүмкін.
Жаңалықтар
0