Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2022 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті. Миғраж түні 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түнге, Бараат түні 17 наурыздан 18 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Ораза 3 сәуірде басталады. Қадір түні 28 сәуірден 29-ына қараған түні болады.
Ораза айт 2 мамырда басталады. Арапа – 8 шілде, Құрбан айт 9-11 шілде аралығына түсіп тұр. Ашура күні 8 тамызға тура келеді, Мәуліт (Мұхаммед пайғамбардың туған күні) 7 қазаннан 8 қазанға қараған түні болады.
Кесте халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметі негізінде жасалды. Алайда діни мереке күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.