Видео

83 жыл құлшылық етумен тең: Қадір түнін қалай өткізу керек - видео

Жазылу
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алу керек екенін айтты

Бұл түн Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн болып саналады. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар екен.

Тағы оқыңыз: Рамазан айының соңғы он күнінде не істеу керек?

"Бұл түн барша мұсылман қауымы үшін өте қасиетті түн. Қадір түнінің маңызын құранмен түсіндіреміз. Бұл түн мың айдан да қадірлі. 1 түн отырып, 83 жыл 4 ай құлшылылық жасағандай сауап аласыз. Бұл – бір адамның өмірімен пара-пар уақыт", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы. Ол:

  • Қадір түні қандай түн?
  • Қадір түнін қалай қарсы алу керек?
  • Қандай дұғалар оқу қажет?
  • Қадір түнінде шыдай алмай ұйықтап кеткен адамның тілегі қабыл бола ма деген сауалдарға жауап берді.

Толығырақ Sputnik Қазақстан видеосынан біле аласыздар. 

Жаңалықтар
0