Қоғам

Бұрқасын, көктайғақ: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады

© Sputnik / Абзал КалиевСильная метель в Нур-Султане
Сильная метель в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2021
Жазылу
Сондай-ақ екпінді жел соғып, тұман түсуі мүмкін, деп болжады Қазгидромет мамандары
НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күнде – 18-20 желтоқсан аралығында ауа райы құбылмалы болады деп болжады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, ел аумағында жауын-шашын, негізінен қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, тұман түседі, екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын соғуы мүмкін.  
Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде -5°С...+2°С, күндіз -3°С...+5°С болады деп болжанып отыр.
Еліміздің солтүстік батысында сынап бағанасы түнде 0…-5°С, күндіз -3 ° C ... + 2 ° C көрсетеді.
Қазақстанның солтүстігінде және орталығында түнде -1... -13°, күндіз 0... -8° аяз болады.
Шығыста түнде ауа температурасы 0-ден ... -10 ° C дейін жоғарылайды. Күндіз де 0… -10°С аяз болады.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында түнде -5 ° C ... + 2 ° C, күндіз + 2 ... + 13 ° C жылы болады.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0