https://sputnik.kz/20211201/Zheltoksan-aua-rayy-18798886.html
Желтоқсанда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Желтоқсанда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Sputnik Қазақстан
Қазгидромет мамандары қыстың алғашқы айында ауа райы қандай болатынын айтты 01.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-01T19:51+0500
2021-12-01T19:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
желтоқсан
ауа райы
синоптиктер
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15974836_0:0:3291:1860_1920x0_80_0_0_4476d6a364b76ccb6efdfccd231f511f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Желтоқсан айында республиканың оңтүстігінде ауа температурасы норма шамасында, ал солтүстігі мен батысында нормадан 1° жоғары болады деп болжанып отыр.Айдың басында күн құбылмалы болады, Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс циклон алдымен батыста, содан кейін елдің қалған аумағына ықпалын тигізеді.Қар жауады, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, боран, тұман және көктайғақ болады.Мамандардың айтуынша, желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады.Солтүстікте ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды.Республикамыздың оңтүстігінде түнде -2+8°С, күндіз +10+18°С болады.Батыс өңірлерде, керісінше ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанады:Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -5-13°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін төмендейді.Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінен ығысатын жылы ауа массасының ықпалынан аяздың беті қайта бастайды."Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындарының қайтуы күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады", - деп хабарлады синоптиктер.Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы қуантады. Күндіз ауа температурасы +10°С-қа дейін көтеріледі.Айдың екінші және үшінші онкүндігінде елдің солтүстігі мен тау бөктерлерінде қарлы боран болып, жел күшейеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15974836_17:0:3276:2048_1920x0_80_0_0_f1822a11ac940f713a053bd4ed03cbb6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
желтоқсан, ауа райы, синоптиктер
желтоқсан, ауа райы, синоптиктер
Желтоқсанда ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
19:51 01.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазгидромет мамандары қыстың алғашқы айында ауа райы қандай болатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Желтоқсан айында республиканың оңтүстігінде ауа температурасы норма шамасында, ал солтүстігі мен батысында нормадан 1° жоғары болады деп болжанып отыр.
"Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батысында нормадан аз, еліміздің шығысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп болады", - дейді синоптиктер.
Айдың басында күн құбылмалы болады, Скандинавия аудандарынан келетін солтүстік-батыс циклон алдымен батыста, содан кейін елдің қалған аумағына ықпалын тигізеді.
Қар жауады, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады. Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, боран, тұман және көктайғақ болады.
Мамандардың айтуынша, желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады.
Солтүстікте ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды.
Республикамыздың оңтүстігінде түнде -2+8°С, күндіз +10+18°С болады.
Батыс өңірлерде, керісінше ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.
Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанады:
- батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін;
- солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін;
- оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін.
Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -5-13°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін төмендейді.
Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінен ығысатын жылы ауа массасының ықпалынан аяздың беті қайта бастайды.
"Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындарының қайтуы күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады", - деп хабарлады синоптиктер.
Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы қуантады. Күндіз ауа температурасы +10°С-қа дейін көтеріледі.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде елдің солтүстігі мен тау бөктерлерінде қарлы боран болып, жел күшейеді.