https://sputnik.kz/20211215/qazaqstan-kredittik-amnistiya-18904324.html
Кредиттік амнистия жариялана ма – Әбілқасымова нақты жауап берді
Кредиттік амнистия жариялана ма – Әбілқасымова нақты жауап берді
Sputnik Қазақстан
Кредиттік амнистия мәселесі тек мемлекеттік қаржы, салық төлеушілердің ақшасы есебінен шешіледі, дейді Мәдина Әбілқасымова 15.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-15T13:57+0500
2021-12-15T13:57+0500
2023-08-09T16:44+0500
экономика
кредит
амнистия
мадина әбілқасымова
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда кредиттік амнистия жариялана ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандықтардың кредиті кешіріледі деген қауесет тараған еді. Осыдан кейін, Әбілқасымованың айтуынша, үш күн ішінде агенттікке 18 мың өтініш түскен. Оның ішінде борышты қайта құрылымдау және кешіру бар. Ведомство барлық өтінішті қабылдап, өңдеп, әрі қарай қарау үшін қаржы ұйымдарына жіберген.Айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда кредиттік рақымшылық жүргізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан жоқ. 2019 жылы біржолғы акция ретінде жарияланған амнистия қайталанбайды.Ол биыл мамыр айында қазақстандықтардың берешегін азайтуға септігін тигізетін заң қабылданғанын еске салды. Оған сәйкес, 1 қазаннан бастап проблемалық қарызды сотқа дейін міндетті реттеудің жаңа тәртібі қолданылады.Оқи отырыңыз: Депутат Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кредит амнистиясын жариялауды ұсынды "Банктер мен микроқаржы ұйымдары қаржылық қиындыққа тап болған азаматтың өтінішін қарастырып, оған түрлі жеңілдіктер ұсынуға міндетті", - деді Әбілқасымова.Егер қаржы ұйымдары азаматтың қаржылық жағдайы нашарлағанын байқаса, олар кредит беру кезінде оның төлем қабілеттігін бағалап, несие пайызын төмендетуді және кейінге шегеруді ұсынуға тиіс. Сонымен қатар банк айыппұл мен өсімпұлды кешіре алады.Айтуынша, кредиттік амнистия мәселесі тек мемлекеттік қаржы, салық төлеушілердің ақшасы есебінен шешіледі."Банктерде жеке тұлғалардың 12 триллион теңге депозиті бар. Олар соған қызмет көрсетіп, үстіне пайыз төлейді. Қандай да бір кредитті кешірген жағдайда банктердің қаржы тұрақтылығы, әрине, бұзылады", - деді Әбілқасымова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, амнистия, мадина әбілқасымова
кредит, амнистия, мадина әбілқасымова
Кредиттік амнистия жариялана ма – Әбілқасымова нақты жауап берді
13:57 15.12.2021 (жаңартылды: 16:44 09.08.2023) Кредиттік амнистия мәселесі тек мемлекеттік қаржы, салық төлеушілердің ақшасы есебінен шешіледі, дейді Мәдина Әбілқасымова
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда кредиттік амнистия жариялана ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандықтардың кредиті кешіріледі деген қауесет тараған еді. Осыдан кейін, Әбілқасымованың айтуынша, үш күн ішінде агенттікке 18 мың өтініш түскен. Оның ішінде борышты қайта құрылымдау және кешіру бар. Ведомство барлық өтінішті қабылдап, өңдеп, әрі қарай қарау үшін қаржы ұйымдарына жіберген.
"Біз халықпен бірнеше рет кездесіп, кабинеттерде қабылдадық. Бұл тек соңғы күндері ғана емес, адамдар бірнеше апта бойы келді. Мамай (Жанболат – Sputnik) тағы да жалған ақпарат таратты", - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда кредиттік рақымшылық жүргізу мүмкіндігі қарастырылып жатқан жоқ. 2019 жылы біржолғы акция ретінде жарияланған амнистия қайталанбайды.
Ол биыл мамыр айында қазақстандықтардың берешегін азайтуға септігін тигізетін заң қабылданғанын еске салды. Оған сәйкес, 1 қазаннан бастап проблемалық қарызды сотқа дейін міндетті реттеудің жаңа тәртібі қолданылады.
"Банктер мен микроқаржы ұйымдары қаржылық қиындыққа тап болған азаматтың өтінішін қарастырып, оған түрлі жеңілдіктер ұсынуға міндетті", - деді Әбілқасымова.
Егер қаржы ұйымдары азаматтың қаржылық жағдайы нашарлағанын байқаса, олар кредит беру кезінде оның төлем қабілеттігін бағалап, несие пайызын төмендетуді және кейінге шегеруді ұсынуға тиіс. Сонымен қатар банк айыппұл мен өсімпұлды кешіре алады.
"Біз өткен аптада және оған дейін түскен барлық өтінішті міндетті түрде банктерге жолдаймыз. Олар қарап, әрбірі бойынша жеке шешім қабылдайды", - деп түсіндірді агенттік төрағасы.
Айтуынша, кредиттік амнистия мәселесі тек мемлекеттік қаржы, салық төлеушілердің ақшасы есебінен шешіледі.
"Банктерде жеке тұлғалардың 12 триллион теңге депозиті бар. Олар соған қызмет көрсетіп, үстіне пайыз төлейді. Қандай да бір кредитті кешірген жағдайда банктердің қаржы тұрақтылығы, әрине, бұзылады", - деді Әбілқасымова.