Қоғам

Назарбаев: ХХІ ғасыр Қазақстанның "алтын ғасыры" болсын

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото
Нурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
Елбасы өз сөзінде толеранттылық, Қазақстан халықтарының өзара бір-біріне деген құрметі ең басты күш екенін атап өтті
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыру жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Егер біз әдеттегідей бірігіп, жұмылатын болсақ, бәрін жеңеміз. Тарихтан қазақтар біріккен кезде жеңілмейтін жау жоқ екенін білесіздер (...). Егер біз өз президентімізді қолдап, оның бастамасы жолында жұмыс істейтін болсақ, біріксек, болашақта жетістікке жетеміз", - деді Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада.
Елбасының айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – Қазақстанның жасампаз тарихындағы тағы бір маңызды кезең. Назарбаев қазақстандықтар әлі де ел ұмтылып келе жатқан ұзақ жолдың басында деп санайды.
"Мәңгілікке ұмтылу, бұл ұзақ сапар сәтті болсын. Бізді биік арманға жетелейтін ата-баба рухы қолдасын, жолымызды ашсын. ХХІ ғасыр Қазақстанның "алтын ғасыры" болсын. Біздің бірлігіміз, толеранттылық, Қазақстанның барлық халқына деген өзара құрметіміз және бір-бірімізге деген сүйіспеншілігіміз – ең басты ұлы күш", - деп толықтырды Назарбаев.

Оқи отырыңыз:

 
Жаңалықтар
0