Экономика

Назарбаевтың суреті басылған монеталар айналымға шығады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты купюры
Деньги, тенге монеты купюры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
Номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясы бойынша айналымға шығады
АЛМАТЫ, 15 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
© Photo : Пресс-служба Национального банка Казахстана TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы
Коллекционные монеты TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы
TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері бар тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді, деп хабарлады Ұлттық банк.
© Photo : Пресс-служба Национального банка Казахстана TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы 500 теңге номиналы бойынша да шығады
Коллекционные монеты TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL в 500 тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы 500 теңге номиналы бойынша да шығады
Соның арасында елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевты да көруге болады.
"Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтой кезеңдерін логикалық түрде көрсетіп тұр", - делінген ақпаратта.
© Photo : Пресс-служба Национального банка Казахстана 100 теңге номиналы түрінде шыққан TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы
Коллекционные монеты TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL номиналом 100 тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
100 теңге номиналы түрінде шыққан TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық монетасы
Монеталардың басты бетінде (аверсінде) номиналы, Ұлттық банк логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу бар. Айналдыра – QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN деп жазылған.
Монеталардың екінші бетінде (реверсінде) – Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің (басқұр) декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі салынған.
Монеталар жасалған:
  • 925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 933 грамм (30 унция), диаметрі – 100 мм, номиналы – 5000 теңгелік, дайындау таралымы – 300 дана;
  • 925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 3 000 дана;
  • МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, номиналы – 100 теңгелік, таралымы – 30 000 дана болып дайындалған.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.
Жаңалықтар
0