https://sputnik.kz/20211214/Atyrau-kolik-nomeri-18896319.html
Атырауда қайтыс болған адамның көлік нөмірін пайдаланған тұрғын ұсталды
Атырауда қайтыс болған адамның көлік нөмірін пайдаланған тұрғын ұсталды
Sputnik Қазақстан
Қала тұрғыны өзінің қайтыс болған күйеуінің атына айыппұл келе беретіндігі туралы шағымданған 14.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-14T16:02+0500
2021-12-14T16:02+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
атырау
полиция
мемлекеттік нөмірлер
көлік
https://sputnik.kz/img/old/1046/27/10462797_8:0:1373:768_1920x0_80_0_0_c83daa0b20cda2fbff23e9ba844168f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан — Sputnik. Атырауда көлігіне қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін тағып алған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полиция басқармасына 64 жастағы азаматша өзінің қайтыс болған күйеуінің атына айыппұл келе беретіндігі туралы шағымданды. Аталаған арыз бойынша патрульдік полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлерімен бірлесіп, көлігіне қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін тағып жүрген 20 жастағы қала тұрғынын анықтады. Жігіт қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін өзінің Ресей мемлекетінде тіркелген ВАЗ-21114 автокөлігіне тағып жүрген.Тексеріс барысында 20 жастағы азамат тағып жүрген жалған нөмірдің атына тіркелген 350 840 теңгенінің 16 айыппұлы бар екені анықталды. Оның айтуынша, ол мемлекеттік нөмірді тауып алған. Қазіргі уақытта аталаған азаматқа қатысты іс-құжаттар жинақталуда.Одан басқа, 9 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Әуезов көшесінің бойынан күдік тудырған Lada Priora автокөлігін байқап, полиция қызметкерлеріне хабарлаған.Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқанда оның мемлекеттік нөмірі жалған екені анықталды. Көлік иесі 20 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 590-бабының 4-бөлімі бойынша (жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бергілері бар көлік құралын басқару) хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Енді ол 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл төлеуі немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрін пайдаланған 20-дан астам жүргізуші анықталды, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оқи отырыңыз:
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/27/10462797_178:0:1202:768_1920x0_80_0_0_9ec894479e8023b6818277d11ef7b71f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, полиция, мемлекеттік нөмірлер, көлік
атырау, полиция, мемлекеттік нөмірлер, көлік
Атырауда қайтыс болған адамның көлік нөмірін пайдаланған тұрғын ұсталды
16:02 14.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қала тұрғыны өзінің қайтыс болған күйеуінің атына айыппұл келе беретіндігі туралы шағымданған
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан — Sputnik. Атырауда көлігіне қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін тағып алған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Полиция басқармасына 64 жастағы азаматша өзінің қайтыс болған күйеуінің атына айыппұл келе беретіндігі туралы шағымданды. Аталаған арыз бойынша патрульдік полиция қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлерімен бірлесіп, көлігіне қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін тағып жүрген 20 жастағы қала тұрғынын анықтады. Жігіт қайтыс болған адамның мемлекеттік нөмірін өзінің Ресей мемлекетінде тіркелген ВАЗ-21114 автокөлігіне тағып жүрген.
Тексеріс барысында 20 жастағы азамат тағып жүрген жалған нөмірдің атына тіркелген 350 840 теңгенінің 16 айыппұлы бар екені анықталды. Оның айтуынша, ол мемлекеттік нөмірді тауып алған. Қазіргі уақытта аталаған азаматқа қатысты іс-құжаттар жинақталуда.
Одан басқа, 9 желтоқсан күні сағат 23:00 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Әуезов көшесінің бойынан күдік тудырған Lada Priora автокөлігін байқап, полиция қызметкерлеріне хабарлаған.
Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқанда оның мемлекеттік нөмірі жалған екені анықталды. Көлік иесі 20 жастағы жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 590-бабының 4-бөлімі бойынша (жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бергілері бар көлік құралын басқару) хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Енді ол 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл төлеуі немесе бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрін пайдаланған 20-дан астам жүргізуші анықталды, олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.