Оқиға

"Адамша өмір сүргім келеді": елордада көлік жүргізушілері наразылыққа шықты – видео

© Sputnik / Алексей МальгавкоАрхивное фото дорожного полицейского
Архивное фото дорожного полицейского - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Видеодан жиналғандардың қарасы мол екенін көруге болады. Полиция оларды сабырға шақыруға тырысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында ресейлік нөмір таққан көлік жүргізушілері наразылық ретінде Қонаев пен Сарайшық көшесінің ортасындағы жолды жауып тастады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Видеодан жиналғандардың қарасы мол екенін көруге болады. Полиция қызметкерлері оларды сабырға шақыруға тырысып жатыр.

"Адам сияқты өмір сүргім келеді менің. Адамша бала-шағамды асырағым келеді. Осындайға жеткіздіңіздер", - дейді көлік иелерінің бірі.

Сондай-ақ кейбір адамдарды полицияның әкетіп жатқанын да байқауға болады.

Полиция жиналғандарға мұның заңсыз митинг екенін айтып түсіндіруде.

"Біз жігіттер қойыңдар деп неше рет айттық. Колоннамен жүрсіңдер. Мұндай нәрсе өткізу үшін хат жазып, рұқсат алып жасайды", - дейді полиция өкілі. 

Полиция комментарий беруден бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі істер министрлігі Ресей нөмірін таққан көліктерді тексеріп жатқанын жазған болатынбыз. 

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, тамыз айынан бері көрші елдерден келетін көліктерді тексеру шаралары атқарылды. Ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік кірістер комитетінің мамандары ресейлік нөмірмен жүрген автомобильдерге баса назар аударды.

"Сол кезде бізге біраз криминалдық көлік әкелінгені анықталды. Олар тіркеуден шығарылған. Жалған құжат негізінде 10 көлікті кіргізу фактісін ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп анықтадық. Бұдан бөлек, 150 көлікті Ресей Федерациясында тіркеуден шығарып тастаған", - дейді Түсіпов. 

Осыдан кейін ішкі істер министрлігі Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген көліктер туралы қажетті ақпаратты сақтандыру компанияларынан алдыртты. Ресейдің ішкі істер органдарына да сұрау салынды. Ол жақта Қазақстанда жүрген 88 мың көліктің тіркеуде тұрмағаны расталды.

Оқи отырыңыз: 

 

 

 

Жаңалықтар
0