Оқиға

Ресейлік көліктерді жалған құжатпен кіргізген: Қазақстанда қылмыстық топ ұсталды

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLКісен, архивтегі сурет
Кісен, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.03.2021
Жазылу
Мамандардың алдын ала есебі бойынша, қылмыстық топ өкілерінің мемлекетке келтірген залалы шамамен 650 миллион теңгені құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Қазақстанда автокөліктерді контрабандалық жолмен өткізген трансұлттық қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды қаржылық бақылау агенттігі.

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мен облыстық прокуратура өкілдері бірлесіп, автокөлік контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұстады. Олар жалған құжаттарда көлік бөлшектері деп көрсетіп, Ресейден Қазақстанға автокөліктер кіргізумен айналысқан", – делінген хабарламада.

Күдіктілерді тінту кезінде 60 машинаға қатысты (54 жеңіл автокөлік, алты жүк көлігі) заңсыз әрекеттерді растайтын құжаттар, Ресей Федерациясының жалған техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді. 

"Мемлекетке келтірілген залалдың алдын-ала мөлшері шамамен 650 миллион теңгені құрайды", – деп атап көрсетілген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Армян көліктеріне қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы

Қазіргі кезде ұсталғандар екі айға дейінгі мерзімге қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0